Алматының урбанистика басқармасы жер сілкінісінен зақымданға ғимараттарға қатысты түсініктеме берді

Жарияланды
Алматыда ғимараттарға тексеру жүргізіледі / Архив: kursiv.kz

Алматыда жер сілкінісі салдарынан бірнеше ғимарат зақымданды. Бұған қатысты Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы түсініктеме берді.

«Жер сілкінісі салдарынан ғимараттарда зақым байқалады. Бұл негізінен төбе, сылақ, кафель және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарының элементтеріне қатысты. Бұл зақымданулар тірек конструкцияларының бұзылуына жатпайды. Өйткені әрлеу материалдарының тұрақтылығы оның сапасы сияқты бірқатар фактіге байланысты», –деп хабарлады басқарма.

Қазіргі таңда аудан әкімдіктері жанынан кешенді тексеру жүргізу үшін уәкілетті орган өкілдерінен тұратын жұмыс топтары құрылды.

«Жер сілкінісі салдарынан зақымдану анықталса, нысандардың тізімі сараптамалық ұйымдар сейсмикалық тұрақтылыққа тексерулер жүргізу үшін Алматы қаласының урбанистика және қала құрылысы басқармасына жіберіледі», – деп хабарлады басқарма.

Бұған дейін Алматының энергетикалық кешені қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлады. Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.

Алматыда бүгін тағы жер сілкінді

4 наурыз сағат 11:22-де Алматыда қатты жер тербелісі болып, халық дүрлігіп қалды. Бұл туралы Алматының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. Магнитудасы MPV 6.1. Жер сілкінісінің координаталары – 42,93° солтүстік. 76,96° шығыс Тереңдігі 10 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ және жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинау жүргізілуде.

Алматы халықаралық әуежайының жұмысы шектелген жоқ

Сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайы жер сілкінісінен кейін әуежайдың барлық қызметтері қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Ұшу-қону жолағы мен перрон тексеріліп, ешқандай зақым табылмады.

Мектептер мен колледждерде сабақтар болмайды

Алматы мектептері мен колледждерінде екінші ауысымдағы сабақтар болмайды. Мегаполис тұрғындары 16.00-ге дейін халық жиналатын орындарда болу керек.

Жер сілкінісіне байланысты қала әкімі Ерболат Досаев сағат 11:40-тан бастап жедел штабта жұмыс істеп, алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды.

Қаланың барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қосылған.

  • Қалалық полиция бөлімі әдеттегідей жұмыс істеп жатыр.
  • Барлық мектептер мен балабақшалар ашылды, қоғамдық қабылдау пункттері жұмыс істейді.
  • Қаладағы жедел медициналық жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы ауруханалар, соның ішінде мамандандырылған ауруханалар, балалар ауруханалары, босану ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Алматыда бұған дейін 5 балдық жер сілкінісі 23 қаңтарда болған. ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісін тіркеді.  

Сондай-ақ оқыңыз