Наурыздың мерекелік күндерінде қазақстандықтар неше күн демалады?

Жарияланды
наурызда неше күн демалады?
Қазақстандықтар наурызда жарты айға жуық демалады / Фото: kursiv.media

Қазақстандықтар наурыз айының 14 күнін демалыспен өткізеді. Алдағы екі мерекеге орай қазақстандықтар жалпы алғанда 8 күн демалады.

8 наурыз мерекесі жұмаға түседі. Сол себепті осы аптада 4 жұмыс күні бар. 8-10 күндері үш күн демалыс.

Ал наурыз мейрамы ресми үш күн тойланады. Соған орай қазақстандықтар бұл мерекеде үш күн, яғни 21-22-23 күндері демалады. Осы жылы 23 наурыз сенбіге түсетіндіктен, ол күнгі демалыс 25 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады. Солайша екі мейрам мен жәй күндердің демалысын қосқанда, енді қазақстандықтар 12 күн демалады.

Еске сала кетсек, Сенат депутаты Әли Бектаев Наурыз мерекесін дәріптейтін жалпыұлттық концепция қабылдау қажеттігін айтты. Сенатор Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында Жаңа жылды қарсы алу жылдан-жылға күрделеніп, отбасылық мерекеден ауқымды материалдық шараға айналып бара жатыр деп санайды.

«Үлкен қалаларда, облыс, аудан, орталықтарында орнатылған алып аршалар, мұз қалашықтары, атылған отшашулар мемлекет қазынасына салмақ түсіріп, тұрғын үй кешендерінде атылып жатқан пиротехникалар, қуаттылығы жағынан адамға үрей тудырып, материалдық зақым келтіруде», – деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда депутат бала-бақшадан бастап, барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдарында, әрбір отбасында Наурыз мерекесін дәріптейтін, дәстүрге енгізуге мұрындық болатын, әр азаматтың санасына сіңдіретін жалпыұлттық концепция қабылдауды ұсынды.

Бұған дейін «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа жыл – әрине, күнтізбе¬нің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қорытындылап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін…», – деген болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз