CNBC хабарлауынша, OpenAI компаниясының бұрынғы қызметкерлері құрған ЖИ құралдарын әзірлеумен айналысатын Anthropic стартапы өзінің Claude 3 атты қуатты жаңа чат-бот нұсқасын іске қосты. Құрастырушылардың пікірінше, Claude 3 GPT-4 OpenAI және Google-дің Gemini Ultra-мен бәсекеге түсе алады. Nasdaq биржасындағы Аlphabet (Google Inc) акциялары дүйсенбіде сауда-саттықтың жабылуына қарай 2,8% – ға төмендеді.
Толығырақ
Claude 3 үш модельден тұрады: Opus, Sonnet және Haiku. Олардың ішіндегі ең қабілеттісі – Opus. Ол GPT-4 OpenAI және Google-дің Gemini Ultra чат-ботынан асып түсті. Anthropic-тің хабарлауынша, Claude 3 тест өту деңгейі бойынша бакалавриат, магистратура және негізгі математика сияқты салада мықты.
Anthropic алғаш рет мультимодальды қолдауды ұсынды: пайдаланушылар талдау және жауап беру үшін фотосуреттерді, диаграммаларды, құжаттарды және деректердің басқа түрлерін жүктей алады. Стартаптың мәліметі бойынша, Claude 3 150 мың сөзге дейінгі мәтіндерді өңдей алады. Ал ChatGPT-да шамамен 3 мың сөз ғана.
Opus-тің нұсқасын пайдаланушылар үшін оның бағасы айына 20 доллар, ал Claude 3 Sonnet-тің жеңіл модификациясын тегін де қолдануға болады. Anthropic мәліметтері бойынша, Sonnet және Opus дүйсенбіден бастап 159 елде болады. Ал Haiku жақын арада іске қосылады.
Компания Claude 3-ті әзірлеу үшін қанша уақыт пен қаржы кеткенін нақтылаудан бас тартты. Бірақ жасанды интеллектің негізгі моделінде 60-тан астам адам және техникалық аспектілерінде 150-ге дейін қызметкер жұмыс істегенін айтты.
«Әрине, бірде-бір модель мінсіз болмайды, бірақ компания бұл модельдерді мүмкіндігінше функционалды және қауіпсіз етуге тырысты», – дейді Anthropic негізін қалаушы Даниэла Амодей.
CNBC Anthropic стартапы — жасанды интеллект саласындағы ең танымал стартаптардың бірі екенін атап өтті. Оны 2022 жылдың соңында ChatGPT-ті шығарған OpenAI компаниясының бұрынғы қызметкерлері құрды. Өткен жылы Anthropic шамамен 7,3 млрд доллар табыс тапты. Оның инвесторларының арасында Google, Salesforce және Amazon бар.
Nasdaq биржасындағы Аlphabet (Google Inc) акциялары дүйсенбіде сауда-саттықтың жабылуына қарай 2,8% – ға төмендеді. Bloomberg ақпаратына сүйенсек, Alphabet инвесторлары қазір бір ғана нәрсеге алаңдайды — компания жасанды интеллект саласындағы көшбасшылардың бірі бола ала ма.
CNBC PitchBook мәліметіне сілтеме жасай отырып, генеративті жасанды интеллект секторы өткен жылы күрт өсті деп отыр. 2023 жылы 700-ге жуық мәмілеге рекордтық 29,1 млрд доллар инвестицияланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 260% – ға көп.
Жасанды технологиямен байланысты компаниялар былтыр басқа индустриялармен салыстырғанда көп пайда тапқан. Ал олардың акцияларының баға белгілеуі үш мәнді өсім көрсетіп отыр. Осы орайда жасанды интеллект компанияларының акцияларына инвестиция салу тиімді ме деген сауалға «Курсив» сарапшылар пікірін берген болатын.