Polymetal Ұлттық есеп айырысу депозитарийінде бұғатталған акцияларды айырбастаудың алғашқы нәтижелерін жариялады.
«Polymetal алтын өндірушісі NSD-де бұғатталған акцияларды Астанада шығарылған бағалы қағаздарға айырбастаудың бірінші траншын аяқтады. Компания қазан айының соңында процедураны толығымен аяқтайды деп жоспарлауда. Акционерлер дивидендтер алады», – деп жазылған хабарламада.
Алтын өндіруші компаниясы Ұлттық есеп айырысу депозитарийінде (NSD) бұғатталған акцияларды Қазақстандағы Astana International Exchange (AIX) биржасында шығарылған жаңа акцияларға айырбастаудың бірінші траншын аяқтады. Бұл шешім Еуропалық Одақтың санкцияларына байланысты қабылданған еді.
Polymetal 5,08 миллионға жуық жай акцияларды алмастырды. Орналастырылған акциялардың 1,07%. Жалпы алғанда, оның жарғылық капиталының шамамен 22% NSD-де сақталған.
Компанияның «дауыс беруге арналған» акцияларының саны өзгерген жоқ. Ол бұрынғысынша 473,64 млн акцияны құрайды. Сонымен қатар «дауыс беру құқығынсыз» немесе экономикалық құқығы жоқ 46,7 миллионға жуық қазынашылық акциялары бар. Polymetal NSD шектеулері жеңілдетілген соң оларды алып тастауды жоспарлап отыр.
Мәскеу биржасындағы кәсіпорын акциялары 4 наурыздағы сауданың жабылуында 370 рубль болды. 22 ақпаннан бастап компанияның бағалы қағаздары листингтің бірінші деңгейінен үшінші деңгейге ауыстырылды. Бизнес басшылығы Мәскеу биржасынан делистингті бастамақ ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Алтын өндірушінің акциялары AIX биржасында 5 наурызда таңда 3,78 долларға (шамамен 345,7 рубль) сатылуда.
Ком пания акционерлері акция алмасуды 2023 жылдың қарашасында мақұлдады. Биржаға қатысатын акционерлер өздерінің акционерлік құқықтарын, соның ішінде дивидендтер алу мүмкіндігін қалпына келтіре алады. Алтын өндірушінің басшысы Виталий Несис компания 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуі мүмкін екенін хабарлады. Кейін ол дивидендтерді бөлу мамыр айына дейін кейінге қалдырылатынын айтты.
Айырбасталған акцияларды Polymetal шотына аудару мерзімі 30 қыркүйекке жоспарланған. Компания бұл процедураны қазан айының соңына дейін аяқтамақ.
Бұған дейін, Қазақстанға көшкен ірі күміс және алтын өндіруші Polymetal International plc. негізгі акционерінің ауысқаны туралы хабарлған.
Оман үкіметіне тиесілі Mercury Investments International (MII) қорының еншілес ұйымы –Maaden International Investment LL кен өндіруші компанияның 23,9% акциясын сатып алған. Нәтижесінде ол компанияның ірі акционеріне айналды.
Александр Несиске тиесілі ICT Holding-тің еншілес ұйымы – Powerboom Investments Limited омандық компанияға өз иелігіндегі 113 201 189 акциясын сатқан. Мәміле нәтижесінде ICT Holding Polymetal-дағы өз үлесін толығымен өткізді. Сәйкесінше, ICT Holding өкілі Константин Янаков «Полиметал» директорлар кеңесінің құрамынан шыққан. Ал омандық компания өз өкілін директорлар кеңесінің құрамына жақын арада ұсынады. Мәміле құны жарияланбаған.