Министрге де 100 мың теңге қосылған: Астана тұрғындары жылу үшін неліктен артық төлеуі керек?

Жарияланды
Министрге де 100 мың теңге қосылған: Астана тұрғындары жылу үшін неліктен артық төлеуі керек? / коллаж kursiv.media

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров өзінің коммуналдық төлемдері 100 мың теңгеге өскенін айтты. Оның себебі Астана тұрғындары жылу жүйесіне артық төлем түбіртегін алған.

Министр Үкімет кулуарында журналистерге өз үйінің коммуналдық қызметке төлем түбіртегін көрмегенін айтқанымен, оның 100 мың теңгеге өскенін атап өтті.

Ақпан айында Астана тұрғындарына жылу үшін артық төлемдер келген. Экономика министрі бұл коммуналдық төлемді есептеуші жүйенің жұмысында қателік екенін айтты. Себебі олар үйлердегі төлемді есептегіштерді дұрыс тексермеген. 

«2023 жылы Астанада жылу энергиясын есепке алудың 970 құрылғысы тексеруден өтуі тиіс. Алайда 135 құрылғы тиісті тексеруден өтпеді. Осыған байланысты тексеру мерзімі өткен 135 тұрғын үйге «Астанаэнергосбыт» 20% жоғары тарифті негізгі ала отырып, есепке алу құрылғылары үй иелеріне артық төлеп есептеген», – деді ведомство баспасөз қызметі.

2024 жылы тексерістен өтуі қажет 1001 есептеу құралының тек 33-і ғана тексерілген. Министрлік артық төлем жасағысы келмейтін тұрғындар мәселені қадағалауы керек екендігін айтады. 

«Біз елордадағы 135 үй жылу есептеу құралдарымен қамтамасыз етілмегенін білдік. Егер есептеу құрылғысы болса, онда айтарлықтай үнем жасауға болады. Тұрғындар қаншалықты жылу тұтынып жатқанын біле алады. Құрылғы болмаса, «Астанаэнергосбыт» есептеу кезінде дәлізде орнатылған жүйедегі ең жоғарғы мәнді қолдана алады», – деді министр.

Ол жақын арада әкімдік пен «Астанаэнергосбыт» компаниясының қатысуымен кеңес өткізетінін айтты. 

«Біз бірқатар жүйелі шараларды белгілеп, олар туралы наурыз айының соңында есеп береміз. Тәуелсіз аудитті енгізгіміз келеді, объектілерді жаңарту үшін инвестициялардың қаншалықты қажет екенін түсінгіміз келеді. Екіншіден, тарифтер қазіргідей күрт көтерілмеуі үшін бақылау жасау мүмкіндігі болғанын қалаймыз», – деді Байбазаров.

Ведомство осы мәселеден кейін «Астанаэнергосбыт» алынған табыстың 10% көлемінде айыппұл төлеп, тұрғындарға 209 мың теңге қайтаратынын айтты.

Айта кетейік, 2023 жылы маусым айында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы өз бұйрығымен жылу энергиясына тарифті 1 шілдеден бастап 1 Гкал-ға 2261,46 теңгеге дейін көтеру туралы шешім шығарған. Яғни баға 23,1%-ға көтерілді.

Бұйрық қосымшасына сәйкес кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсаған шығыны 17,9 млрд теңгені құрайды, оның ішінде материалдық шығындар – 13,9 млрд теңге, еңбек шығындары – 2 млрд теңге, жөндеу жұмыстарына – 1 млрд теңге жұмсалған. Материалдық шығындарда отынға кеткен шығын басым – 12,6 млрд теңге болған. Оның ішінде көмір – 7,8 млрд теңге, мазут – 430 млн теңге, жанар-жағармай – 108 млн теңге, жылу энергиясын жеткізуге арналған энергия – 12,9 млн теңге. сонымен қатар «Астана-Энергияда» 796 адам жұмыс істейді, құжатта олардың орташа айлық жалақысы 228 мың теңге деп көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз