Жыл соңына дейін тағы 37 компания Қазақстанға көшуі мүмкін

Жарияланды
Граница
Қазақстанға 37 компания көшуі мүмкін / Фото: ural56.ru

Жыл соңына дейін тағы 37 компания Қазақстанға көшуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов айтты.

«Үкімет шетелдік компаниялар мен ірі кәсіпорындарды көшіру мәселесімен айналысуда. Біздің тізімде 30-дан астам елден 400-ге жуық компания бар. Бүгінгі күні құны 1,5 миллиард доллардан асатын 41 компания бойынша нақты нәтижелер бар. Қазіргі кезде 37 компаниямен жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге қандай компаниялар екенін ашып айта алмаймын. Әр компания бойынша жеке жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс», – деді вице-министр Бауыржан  Құдайбергенов.

Өңдеу өнеркәсібі, ІТ салаларына басымдық беріледі

Ол 37 шетелдік компанияның жалпы капитализациясы шамамен 1 миллиард доллар екенін атап өтті. Қандай бағыттағы кәсіп түрлеріне басымдық беріледі?

«Әрине, өңдеу өнеркәсібіндегі, ІТ цифрландырудағы, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібіндегі компанияларға басымдық беріледі», – деп қосты ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

Сол жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы соғыс басталғаннан бері Ресей нарығынан шығып кеткен шетелдік компаниялардың Қазақстанға көшуі үшін жағдай жасауды тапсырды. 2023 жыл қарсаңында Үкімет 2022 жылы Қазақстанға қоныс аударатын компанияларды атады.

«Жыл соңына дейін біз көшіру процесін аяқтауымыз керек. Бұл міндетті түрде 37 компания болады деп айта алмаймын. Сәл азырақ, бәлкім көп, бірақ жыл соңына дейін бұл жұмысты атқарамыз», – деп қосты вице-министр.

Релокацияға Ресей Украина арасындағы геосаяси жағдай ықпал етті

Еске сала кетсек, 2022 жылдың көктемінде Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін сарапшылар шетелдік компаниялардың біздің елге көшу мүмкіндігін талқылай бастады.

2023 жылдың тамыз айының соңында бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов Ресейден Қазақстанға 35 ірі шетелдік компания қоныс аударғанын хабарлады.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі, геосаяси жағдайға байланысты (РФ нарығынан шетелдік компаниялардың жаппай кетуі) 2022 жылы елімізге – 20, 2023 жылы – 4 компания қоныс аударған. Бұдан бір жыл бұрын ел үкіметі 362 ірі шетелдік компаниямен релокация бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген.

Кейінірек 62 компаниядан оң жауап алдық деп мәлімдеді. Бірақ нәтижесінде 20 шақты компанияның келуі релокацияның баяу жүріп жатқанын аңғартса керек. Дегенмен министрлік жалпы шетелдік компаниялар нарық алаңын ұсыну бойынша белсенді жұмыс жалғасатынын хабарлаған.

Қандай компаниялар көшті?

2022 жылы СІМ Қазақстанға TikTok, InDrive, Honeywell келді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ашық дерекөздерде 362 компания ресейлік нарықтағы қызметін тоқтататыны немесе қысқартатыны туралы хабарлады. 2022 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандық дипломаттар осы брендтердің басшылығымен келіссөздер жүргізді. 62 компания елімізге келу туралы ұсынысқа келісті. Релокация – көшу немесе жаңа зауыттар салу емес. Бұл компанияның өндірісіне ғана қатысты.

«62 компания Қазақстанды балама алаң ретінде қарастыруға дайын екендігін айтты. Еуразиялық нарыққа кірмек болған шетелдік компаниялар Ресей экономикасы біздікінен 10 есе үлкен болғандықтан, бас кеңселерін Мәскеуде немесе Санкт-Петербургте ашты. Қазір санкцияларға байланысты олар басқа қалаларды таңдауда, ал біз балама нұсқаларды – Астана немесе Алматыны ұсынып отырмыз. 62 компанияның ішінен 21 жоба релокацияланды. Мысалы, америкалық «Honeywell» компаниясы Қазақстанға кеңсе мен басқару шкафтары мен газ талдағыштарын өндіруді әкелді; «TikTok» (ҚХР) Қазақстанда жеке өңірлік кеңсесін ашты; «InDrive» өңірлік кеңсе мен мамандар тобын көшірді; «Fortescue» (Австралия) – Қазақстандағы жасыл сутек бойынша Еуразиялық жобаларға баса назар аударуда; «Alstom» – ҚР өңірлерінде сервистік орталықтар құрады. Бұл жұмыс жалғасады. Мақсат – 362 компания. Бұл жақсы экономикалық нәтиже береді деп ойлаймыз. Біз келетін компанияларға арнайы шарттар қоймаймыз. Олар жалпы құқықтық салада жұмыс істейтін болады», деп атап өткен болатын 2022 жылы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимов.

Сондай-ақ оқыңыз