Bloomberg Billionaires Index жобасының қорытындысын жариялады. Оған сәйкес Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 200 млрд долларды құрайды.
Басылым жариялаған мәліметтерге сенсек, Безос 2021 жылдан бері бірінші орындардан көріне алмай келген. Рейтинг бойынша Безос 200 миллиард доллармен алға шығып, Илон Маскты екінші орынға түсірген. Tesla иесінің байлығы 198 миллиард долларға бағаланады. Ал үшінші орында LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) компаниялар тобының иесі француз Бернар Арно тұр. Оның байлығы 197 миллиард доллар көлемінде.
2012 жылдың наурыз айынан бастап агенттік Bloomberg миллиардерлер индексін жариялап келеді, онда планетадағы ең бай 500 адамның байлығы туралы ақпарат бар.
Bloomberg-тің Billionaires Index (BBI) рейтингінің 2023 жылдың 1 қыркүйектегі көрсеткіштерінде Джефф Безос үшінші орында тұрған. Оның байлығы сол кезде 162 млрд долларға бағаланған. Жалпы басылым есебіне сәйкес 2023 жылдың қаңтарынан бастап әлемдегі ең бай он кәсіпкердің жалпы байлығы 420,5 миллиард долларды құраған.
Бұл рейтинг кәсіпкерлер иелік ететін компаниялардың акцияларының құны негізінде есептеледі. Күзде әлемдегі ең бай адам – америкалық кәсіпкер, SpaceX негізін қалаушы Илон Маск болған. 2023 жылдың басынан күзге дейінгі аралықта оның байлығы 98,4 миллиард долларға өсіп, 235 миллиард долларды құраған.
Сол кездегі рейтинг бойынша екінші орында француздық LVMH (Moet Hennessy — Louis Vuitton) люкс өндірушісінің иесі Бернар Арно тұрған. Оның байлығы өткен жылдың басынан бері 23,9 миллиард долларға өсіп, 186 миллиард долларды құраған. Күзде үшінші орында тұрған Джефф Безостың байлығы 9 айда 55,4 миллиард долларға артқаны айтылған.