Оңтүстік Корея геологтары Қазақстанда құны 15,7 млрд доллар болатын литий кен орнын тапқан

Жарияланды
Оңтүстік Корея геологтары Қазақстанда құны 15,7 млрд доллар болатын литий кен орнын тапқан / коллаж kursiv.media

Оңтүстік Кореяның Геология ғылымдары ғылыми-зерттеу институты (KIGAM) Қазақстанда литий кен орнын тапқан және оны игеру жұмыстарын жалғастыруға ниетті.

The Korea Times басылымының ақпаратына сүйенсек, Сеулдегі халықаралық форумда институт қызметкерлері кен орны Шығыс Қазақстандағы 1,6 шаршы шақырымдық пегматит алаңынан табылғанын хабарлады. Бұрын бұл маңайда тантал өндірілген. Әдетте литий тантал өндірілген аймақта болады. KIGAM компаниясы Қазақстан Үкіметінің өтініші бойынша бұл аймақты өткен жылдың мамыр айынан бастап зерттеп келеді. 

KIGAM компаниясы бұл аудандағы ресурстар құны 21 трлн вон (15,7 млрд доллар) екенін хабарлады. Себебі бұл аймақта табылған литийдің кейбір түрлерінің құндылығы 5,3 пайызға жеткен. Салыстырмалы түрде қазір KIGAM компаниясы Аустралияда өндіретін литий құндылығы 2,1 пайызды құрайды.

Компания келесі жылы бұл аймақта бұрғылауға өтініш беруді жоспарлап отыр. Оның кореялық өндіріске айналдыруды көздейді.

Литий – электромобильдер индустриясы үшін маңызды минералдардың бірі. Себебі бұл өнім көліктердің аккумуляторын құрастыруда аса қажет.

Айта кетейік, аталмыш кореялық компания Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия және Аустралия мен Африка елдерінде минералдар өндірісімен айналысатын ірі конгломерат.

Оңтүстік Кореяның Қазақстанға инвестициялары

Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық – 1,5 млрд долларға жеткен. Бұл жайлы ҚР-ның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гынмен кездесуі барысында айтылған

Екі тарап инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Премьер-Министр былтыр екі жақты тауар айналымы 2,3 есе өсіп, $6,1 млрд-тан асқанына тоқталды. Ал биылғы жылдың 8 айында тағы 11%-ға өскен. 

Сондай-ақ үкімет басшысы Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында тұрғанын атап өтті. Бұл елден, соңғы 18 жылда 9,2 млрд долларға жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық – 1,5 млрд долларға жеткен. Смайылов Қазақстан Үкіметі тарапынан алдағы уақытта да инвесторлардың елімізде жайлы жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз