Саясат Нұрбек: Алматыдағы жер сілкінісінен кейін бірнеше университет қабырғасына сызат түскен

Жарияланды
Саясат Нұрбек Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 198 мың студент білім алып жатқанын жеткізді / Фото: архив kursiv.media

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылғы 4 наурыздағы жер сілкінісінен кейін Алматыдағы бірнеше оқу ордасының қабырғаларына сызат түскенін растады.

Оның айтуынша, бүгінде Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 198 мың студент білім алып жатқанын хабарлады.

«Сараптама жасадық. Расымен де, бірнеше ғимаратта, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, Абай атындағы ҚазҰПУ-де, ЖенПУ-де және тағы бірнеше университеттің жатақханаларында жарықтар пайда болды. Біз құрылыс бөлімдерінен сейсмикалық төзімділік бойынша мамандарды арнайы шақырып, талдау жүргіздік. Негізгі құрылымдардың зақымдануы болған жоқ. Шынында да жарықтар бар. Тәуекел тудыратын жағдайлар туралы қазір айту мүмкін емес. Біз арнайы талдау жасаймыз. Жағдайды бақылауда ұстаймыз», – деді министр.

Бұл ретте ол дүмпулер кезінде барлық оқушылар ғимараттан дереу шығарылғанын айтты.

«Алматының бірнеше пунктінде өтіп жатқан ҰБТ бірден тоқтатылды. Сол күні барлық сабақтар тоқтатылып, жатақханаларға күзетшілер орналастырылды. Жөндеу жұмыстары соншалықты күрделі емес, өйткені негізгі құрылымдар зақымданбады. Жөндеу жұмыстары жоғары оқу орындарының есебінен жүргізіледі», – деді министр.

Келтірілген шығын көлемі қандай?

«Оның мөлшері аз болды, себебі құрылымдық күрделі жарықтар жоқ. Бір жерде сылақ құлап, кішкене жарықтар пайда болды. Енді нысанда аспалы төбелер құлап кетті. Сондықтан мұның барлығын университеттер шешеді», – деді ведомство басшысы.

Жер сілкінісі хронолигиясы

Еске сала кетсек, 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда магнитудасы 5 да жер сілкінісі болды. Кейін дүмпулер қайталанды. Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Онда дүмпу магнитудасы 6,1 балл болған.

Президент Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты Төтенше жағдайлар министріне арнайы тапсырма берді. Шаһардың энергетикалық кешені қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Алматы халықаралық әуежайының жұмысы шектелген жоқ

Сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайы жер сілкінісінен кейін әуежайдың барлық қызметі қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Ұшу-қону жолағы мен перрон тексеріліп, ешқандай зақым табылмады.

Мектептер мен колледждерде сабақтар болмады

Алматы мектептері мен колледждерінде екінші ауысымдағы сабақтар болмайды. Мегаполис тұрғындары 16.00-ге дейін халық жиналатын орындарда болу керек.

Жер сілкінісіне байланысты қала әкімі Ерболат Досаев сағат 11:40-тан бастап жедел штабта жұмыс істеп, алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды.

Қаланың барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қосылған.

  • Қалалық полиция бөлімі әдеттегідей жұмыс істеп жатыр.
  • Барлық мектептер мен балабақшалар ашылды, қоғамдық қабылдау пункттері жұмыс істейді.
  • Қаладағы жедел медициналық жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы ауруханалар, соның ішінде мамандандырылған ауруханалар, балалар ауруханалары, босану ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Алматыда бұған дейін 5 балдық жер сілкінісі 23 қаңтарда болған. ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісін тіркеді. Одан кейін 67 адам медициналық көмекке жүгінген, сегіз адам ауруханаға жатқызылған. Олардың үшеуі 2-3 қабаттан секіріп жарақат алған. 

Сондай-ақ оқыңыз