Алматыда әйелдер күніне орай қандай меркелік іс-шаралар өткізіледі?

Жарияланды
мерекелік іс-шара
8 наурызға орай қалада 3 күн қатарынан мерекелік іс-шаралар өтікзіледі / Фото: kursiv.media

Алматыда әйелдер мейрамына орай 3 күн қатарынан мерекелік іс-шаралар өтеді. 6-8 наурыз күндері қаланың әртүрлі бөлігінде көрме, концерт, қойылымдар мен музыкалық кештер ұйымыдастырылады.

Мерекені тойлау 6 наурыз күні – Орталық кітапханада «Әйел – ана, әйел – ұлы ғаламның» атты іс-шарадан басталады. Сол күні «Алатау» дәстүрлі театрында «Ән әлемі» атты хор концерті болады. Концерт кешкі 18:00-де басталады. Кіру – тегін. Сонымен бірге бүгіннен бастап 14 нарузыға дейін «Шығыс келбеті» көрмесі өтеді. Өтетін орны – Алматы мұражайы.

7 наурыз күні – сағат 10:00-де Инновациялық шығармашылық орталығында «Сіздер үшін, махаббатпен» атты шығармашылық сепктакль өтеді. Дәл осы жерде мерекелік іс-шараның жалғасы ретінде сағат 15:00-де мерекелік концерт ұйымдастырылады. Осы уақытта «Алатау» театрында да тегін «Анаға тағзым» музыкалық кеш өткізіледі.

8 наурыз күні қаланың барлық аудандарында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Әуезоа ауданының мерекелік шарасы Family паркте өтеді. Алатау ауданының концерті «Алатау» дәстүрлі театрында, Бостандық ауданының мерекелік іс шарасы Атекентте, Медеу ауданының концерті Оқушылар сарайында, Т.рсіб ауданының мерелік кеші Оқушылар үйінде өткізіледі. Мұндай іс-шаралар өткізу Алмалы, Наурызбай, Жетісу аудандарында да жоспарланған.

Бұл мереке тұсында Қуыршақ театрының өнерпаздары кішкентай көрермендердің көңілін аулауға тырысады. Қала тұрғындары мен қонақтары балаларды 10 наурыз күні сағат 14:00-де және 16:00-де өтетін «Анасын іздеген мамонт» атты қойылымға апаруына болады.

Сондай-ақ оқыңыз