Депутат қазақстандықтардың мобильді аударымдарын 1,5 миллион теңгеден бастап тексеруді ұсынды

Жарияланды
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - old-image-87418.jpg
Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев мобильді аударымдарды бақылау жүйесін тағы сынады/kursiv.media

Қазақстандықтардың мобильді төлемдерінің мониторингі тек 1,5 миллион теңгеден бастап жүргізілу керек. Осылай деген Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев мобильді аударымдарды бақылау жүйесін тағы сынады.

Мәжілісмен жыл басынан бері қоғамда мобильді төлемдерді толық бақылау шарасы қызу талқыға түсіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, шенеуніктердің көңілге қонбайтын түсіндірмелерінен соң, жұрт әбден шатасқан.

«Үкіметтің түсіндірмесіне сәйкес, бір ай ішінде 100 және одан да көп адамнан аударым алу бақылауға алынады, олардың жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақы немесе 255 мың теңгеден асады. Осы орайда аударымдардың төменгі шегі нақты көрсетілмеген, бұл барлық төлемнің, тіпті 100-200 мың теңгеден аз мөлшердегі аударымдардарға да мониторинг жүргізіледі дегенді білдіреді. Бюджетке еш пайдасы жоқ, бірақ шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қажетсіз бюрократия мен әкімшілендіру қаупі бар», – деді депутат Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың атына жолдаған сауалында.

Депутат сөзінше, көрші Ресейде 2020 жылдан бастап тағы бір әдіс сәтті қолданылып келеді. Бұл елде күніне 30-дан астам ақша аударымын жүзеге асырған тұлғалар бақылауға алынады. Ал әрбір төлем 1 мың рубльден жоғары болуы керек. Мұндай төлемдердің жалпы сомасы айына 1 млн рубльден артық болуы керек. Осы орайда мәжілісмен мониторингке жататын төлемдердің төменгі шегін – кемінде 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін белгілеу қажет деп есептейді.

«Ай сайынғы төлемдердің жалпы сомасын анықтауға келетін болсақ, біз көрсетілген ең төменгі жалақының 3 шегін жеткіліксіз деп санаймыз. Төлемдер сомасын кәсіпкердің таза пайдасы деп санауға болмайды. Іс жүзінде, шағын бизнестің рентабельділігі 15-20%-ды құрайды. Ал айналымнан 255 мың теңге (3 ЕТЖ). Оның пайдасы 50 мың теңгеден аспайды. Ал мұндай сома салық салуға жатпайды және ресми түрде 380 мың теңгені құрайтын орташа жалақыдан жеті есе аз. Таза пайда 250 мың теңгеден жоғары болуы үшін кәсіпкердің айналымы айына 1,5 миллион теңгеге дейін болуы керек», – деп толықтырды Ерлан Барлыбаев.

Депутат шағын және орта бизнесті бюрократиядан қорғау үшін мониторингке жататын мобильді төлемдерден бөлшек салықты автоматты түрде өндіріп алуды енгізуді ұсынды. Бұл кәсіпкерді бухгалтерлік есеп пен басқа да есептілікті жүргізу қажеттілігінен босатады. Сондай-ақ бюджет төлемдерді қазіргі режимде алады. Ал салық органдарында бизнесті тексеруге ешқандай негіз болмайды.

Экономика министрінің пікірі

Мобильді аударымдар мәселесі қайта қаралады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті.

«Бұл  – өте өзекті сұрақ. Сондықтан мен бұл мәселені қайта қарауды тапсырамын. Бұл мәселені қаржы-экономикалық блокта тағы бір рет қарастырамыз. Жоба механизмін егжей-тегжейлі талқылаймыз. Бұл сұраққа қайта ораламыз», – деді министр.

Сонымен қатар салық режимдері қаралатынын атап өтті.

«Бұл жеке кәсіпкер екенін қалай анықтауға болады? Бізге заңның үстемдігі, әділетті мемлекет керек. Солай емес пе? Өз заңдарымызды орындауымыз керек. Кейбіреулер төлейді, кейбіреулері төлемейді. Әділдік болуы керек. Сондықтан барлығы төлеуі керек. Сондықтан біз қазір әртүрлі режимдердің барлық түрлерін қарастырамыз. Біз олардың осы режим бойынша қалай жұмыс істейтінін ойластырып жатырмыз. Барлығын міндетті түрде тығырыққа тіреп тастау керек емес», – деді Нұрлан Байбазаров.

Сондай-ақ оқыңыз