Алматылықтар зілзалаға төтеп беретін, қауіпсіз жер үйлерді көбірек іздей бастады – сарапшылар

Жарияланды
Алматыда жаппай жер үйлер өтіп жатыр ма? / коллаж kursiv.media

Оңтүстік астанада 4 наурызда қайталанған жер сілкінісінен кейін алматылықтар арасында жер үй мен төменгі қабатта орналасқан пәтерлерге сұраныс артқан. Krisha.kz сайтының сарапшылары Алматыдағы жер сілкінісі тұрғын үй нарығына қаншалықты әсер еткенін саралап көрді.

Алматылықтар Астанаға көше ме?

Сарапшылар мәліметінше әзірге Алматыда пәтер сату туралы жаңа хабарландырулар саны айтарлықтай өспеген. Статистикалық көрсеткіш бұрынғы деңгейде тұр. Бас қала Астанаға қоныс аударуға ниет білдіргендердің де саны өспеген.

«Үй нарығындағы бірден-бір маңызды өзгеріс – күнделікті жалға берілетін үйлерге сұраныстың артуы. Осы санаттағы хабарландырулар мен қоңырауларды қарау саны тәулігіне 3 есе өсті. Соңғы жер сілкінісінен кейін алматылықтар зілзалаға төтеп беретін қауіпсіз жер үйлер іздей  бастады. Жер үйлерді жалға алу бағасының өзгеруі туралы деректер жоқ», – деп хабарлады басылым.

Сондай-ақ мамандар сұраныстың өсуін алдағы мерекелермен байланысты екенін айтады.  Дегенмен, үйді ұзақ мерзімге беру туралы хабарландыруларды қарау көрсеткіші бірден 2 есеге ұлғайған.

«Бұл тенденциялар қысқа мерзімді болуы да мүмкін. Еске салайық, қаңтар айында да осындай жағдай болған. Жер сілкінісінің ертеңінде Алматыда жалға берілетін үйлерге сұраныс 4 есеге өсті. Бірақ бірнеше күннен кейін ол әдеттегі деңгейіне қайтып оралды, яғни ол тұрақталды»,-делінген басылым таратқан хабарлмада.

Алматыда жер үйлер жаппай сатылып жатыр ма?

Қаңтардағы жер сілкінісінен кейін жер үй сатып алуға қызығушылық арта бастады. Алайда, ақпан айының соңына қарай бұл тенденция төмендей бастады. 4 наурыздағы жағдайдан соң бұл өсім қайта басталғанын айтуда сарапшылар.

«Бұл ақпарат алып-сату ұлғаяды дегенді білдірмейді. Алматының жеке секторын пәтерлерге балама ретінде қарастыру қиын. Жеке үйлердің бағасы көпқабатты үйлерге қарағанда әлдеқайда жоғары (екі бөлмелі пәтерді сатқаннан кейін сіз үй ала алмайсыз).  Сондай-ақ, барлық аумақтар қауіпсіз емес, сел, көшкін жағдайлары тағы бар, барлық жерде жақсы инфрақұрылым жоқ»,-дейді мамандар.

Сарапшылар жер сілкінісі келісімшарттарда көрініс тапты ма, жоқ па – ол ақпан айындағы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері жарияланкезде белгілі болатынын мәлімдеді.

«Қаңтар айында Алматыда үйлермен жасалған транзакциялар 36%-ға төмендеді, бірақ бұл көрсеткіш емес: біріншіден, қаңтарда дәстүрлі түрде операциялар аз болады, екіншіден, жер сілкінісі ай соңында болып, сатып алуға уақыт болмады»,-деп түсіндірді сайт сарапшылары.

 Айта кетейік, 4 наурызда сағат 11.22-де Алматыдан 35 шақырым жерде магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Алматы тұрғындары күші 5 балдық жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ оқыңыз