Қарағанды ​​облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім қызметінен босатылды

Жарияланды (жаңартылды )
Ауыл әкімі мас күйінде көлік жүргізген / Фото: kursiv.media

Қарағанды ​​облысындағы Ғабиден Мұстафин атындағы ауылдың әкімі мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды. Әкім көп ұзамай кейін қызметінен де босатылды. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша мұндай шешімді Бұқар жырау ауданының әкімдігі қабылдаған.

 «Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде 7 наурызда Бұқар жырау ауданының әкімдігі Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл әкімін мемлекеттік қызметтен босату туралы қаулы қабылдады», – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті ауыл әкімінің этика нормаларын бұзғанын мойындағанын да хабарлады.

«Жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері бойынша Бұқар жырау ауданының әкіміне мемлекеттік қызметшілердің этикасы туралы кодекстің 6 және 10-тармақтарының 4, 5 және 8-тармақшаларын орындамағаны үшін Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл әкімін қызметінен босату ұсынылды», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысының Бұқар жырау ауданындағы бір ауылдың әкімі 15 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен де айырылған еді. 2024 жылғы 3 ақпанға қараған түні жол полициясының қызметкерлері оны қызметтік көлігімен жүргенде ұстаған. Әкім мас күйде болған.

Бұрынғы әкімнің мұндай заң бұзуы бірінші рет емес екені  белгілі болды. Бірнеше жыл бұрын ол қызметтік көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.

Астана қаласында да мас күйінде көлік айдап, жүргізуші куәлігінен айырылған азамат Конституциялық сотқа шағым түсірген еді. Ол ӘҚбК-нің 608-бабы бірінші бөлігін алтернативсіз деп бағалаған.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен өтініш беруші ӘҚбК-нің 608-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылды. Ол жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Жазасын өтеп шыққан соң, С. есімді азамат он бес тәулікке әкімшілік
қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға
алып келеді» деген санкциясымен келіспейтінін айтып шағым түсірген. Ол кодекстің бұл тармағын альтернативсіз деп бағалаған.

Десе де, Сот Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
608-бабының бірінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
келеді деп танып, жеке тұлғалардың жауаптылығын құқықтық реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізді.

Сондай-ақ оқыңыз