Tesla АҚШ-тағы ең ірі 10 компанияның қатарынан шықты

Жарияланды
Tesla ең қымбат компаниялар тізімінде 11-ші орынға түсті/Фото: Pool via REUTERS

Америкалық электромобиль өндірушісі Tesla-ның капиталдандыруы 2,3%-ға азайып, 553 миллиард долларға дейін төмендеді. Компания АҚШ-тағы ең қымбат компаниялар тізімінде 11-ші орынға түсті.

Visa Inc 10-шы орынға көтерілді, оның  табысы 563 миллиардқа жетті. Компания акциялары соңғы үш сессияда 13%-ға төмендеген. Қытай мен ЕО электромобиль нарығындағы әлсіздікке байланысты және жеткізу мәселелері туындағандықтан, жыл басынан бері 29%-ға төмендеді.

Morgan Stanley сарапшысы, компанияға қатысты негізгі оптимистердің бірі – Адам Джонас 5 наурызда компания акцияларының мақсатты бағасын бір акция үшін 345 доллардан 320 долларға дейін төмендетті. Сонымен бірге «сатып алу» ұсынысын сақтады.

«Биыл электр көліктері үшін қиын жыл болады. Бағаның құлдырауының жалғасуына қарамастан сұраныс баяулай бастады»,– деп жазды ол.

Джонастың айтуынша, 2024 жылы Tesla-ны жеткізу шамамен 10%-ға артып, 1,8 миллион көлікке жетеді. Ал өзге сарапшылар жалпы алғанда 2,1 миллион дана сатылымын күтеді.

Сарапшының айтуынша, Tesla Қытайдағы негізгі нарықта бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Сондай-ақ сұраныс пен сатуды ынталандыру үшін бағаны төмендетуді жалғастырады.

Қытайда Tesla-ның электромобильдеріне сұраныс төмендеді

Илон Масктың компаниясы үшін жағымсыз жаңалықтардың бірі – Қытайдағы сатылымның төмендеуі мен еуропалық зауыттың тоқтатылуы болды.

Қытайда Tesla-ның электромобильдеріне деген сұраныс төмендеп кетті. Компания электромобиль өндірушілерімен қатаң бәсекелестік жағдайында бағаны төмендетуге мәжбүр болып отыр. Бұл елдегі оның ең үлкен бәсекелесі BYD компаниясы. Бұл компания да баға бәсекесін одан сайын өршітіп отыр. BYD ақпан айында бірнеше жаңартылған автомобиль модельдерінің бағасын төмендетті. Ал жұма күні автогигант өзінің Song Pro гибридті жол талғамайтын көлігінің жаңа нұсқасының бастапқы бағасын 15,4% — ға, ал осы аптада өзінің ең арзан Seagull көлігін 5% – ға төмендетті. 2023 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша BYD Tesla-ны басып озып, электр машиналарын сатуда әлемдік көшбасшы атанды.

Еуропадағы жалғыз өндіріс орны-Германияның «гигафабрикасы» электр қуатының үзілуіне байланысты 5 наурызда жұмысын тоқтатты. Мұның себебі кәсіпорын маңындағы электр желілерінің біріндегі өрт. Полиция бұл қасақана ұйымдастырылған дейді. Tesla ақпаратына сүйенсек, бұл өрттен болған шығын соммасы жүздеген миллион еуроны құрайды. Кәсіпорын басшылығы зауытта электромобильдерді құрастыру осы аптада қайта басталуы екіталай екенін хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін Mercedes-Benz әлемдегі ең қымбат автомобиль брендіне айналды. Ол осыған дейін қымбат саналып келген электромобиль өндірушісі Tesla-ны басып озды деп жаздық.

Сондай-ақ оқыңыз