Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізеді. Оған қоса Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.
Бұған дейін Қазақстан Әзербайжан арқылы тасымалданатын мұнай көлемін арттыратыны белгілі болды.
Алмасадам Сәтқалиев болашақта Қазақстандағы мұнай өндірісі артатынын айтады. Соны ескере отырып Ұлттық компаниялар алдына тасымалданатын мұнай көлемін міндеті қойылған.
«Біздің Ұлттық компанияларымыздың алдына Қазақстанда өндірістің өсуін ескере отырып, мұнай жеткізу көлемін ұлғайту міндеті қойылды. Осыған байланысты, қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті кездесу барысында А.Сәтқалиев.
Сондай-ақ Әзербайжан мен Қазақстан арасында фито-санитариялық бақылау күшейетінін жазған едік.
Сенат депаутаттары Қазақстан мен Әзірбайжан елдері арасында Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификацилау мәселесін талқыланып, арнайы заң қабылдады.
«Қазақстан 2010 жылдан бастап өсімдіктер карантині және оны қорғау жөніндегі конвенцияның мүшесі. Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге сәйкес фитосанитариялық шаралар бойынша халықаралық стандарттардың сақталуын және қолдаунылуын көздейді. Осы талаптарды сақтау екі ел аумағында қалыпты фитосанитариялық жағдайды қатамасыз етеді. Сондай-ақ орны ауыстырылатын карантинге жатқызылған өнім көлемінің үлкен екенін ескерсек, екі ел аумағының фитосанитариялық жай-күйіне теріс әсер ететін карантиндік объектілердің ену қаупі бар. Өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтердің бірлескен іс-шаралары мен өзара іс-қимылы орны ауыстырылатын өнімге қажетті фитосанитариялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және Қазақстанның экспорттық әлеуетіне оң әсерін тигізеді деп сенеміз», – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек.