Польша билігі: НАТО әскерінің Украинаға баруы ойға қонымды нәрсе

Жарияланды
Польшаның СІМ Радослав Сикорский. Фото: Flickr

Польша билігі НАТО әскерінің Украинаға барғанын қолдайды. Бұл туралы Польшаның сыртқы істер министрлігінің Twitter-дегі парақшасы жазды.

НАТО әскерінің Украинаға баратыны мүмкін нәрсе. Мен Франция президенті Эммануэл Макронның бастамасын қолдаймын. Өйткені біз Путиннен емес, Путин бізден қорқады, – деп жазды Польшаның СІМ Радослав Сикорский.

Бұған дейін Франция Коммунистік партиясының жетекшісі Фабьен Руссель партия басшыларымен кездесуінде президент Эммануэль Макрон майдан Одесса немесе Киевке қарай жылжи берсе, Украинаға әскер жібере алатынын айтқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін НАТО-ға мүше елдер қорғанысқа ЖІӨ-нің қанша бөлігін жұмсайтынын жазған едік.

НАТО-ға мүше барлық мемлекет жыл сайын қорғаныс саласына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 2 %-нан аз емес көлемде қаржы жұмсауға міндетті. Бұл нақты талап емес, бірақ 20 жылдан бері құзіретін жоймай келе жатқан дағдылы тәртіп. Қорғанысқа бағытталатын шығындардың минималды шегін ЖІӨ-нің 2 %-ы деңгейінде белгілеу туралы сонау 2006 жылы айтылып бекітілген. Алайда бұл мәселе тек 2023 жылғы 11 шілдеде ғана Вильнюстегі саммитте мақұлданды. Қаражат негізінен жаңа қару-жарақ пен әскери техника сатып алуға, ғылыми зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге жұмсалуға тиіс.

Былтырғы күзде Украина НАТО-дан сұраған қару-жарақ көлемі ұйымның мүмкіндіктерінен асып түкенін де жазған болатынбыз.

«Украина сұраған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің көлемі өте үлкен. (…) Қолданылатын қару – жарақтың ауқымы мен көлемі біздің өндірістік мүмкіндіктерімізден асып түседі»,-деді Бауэр Ослода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір НАТО елдері «қару-жарақ беріп, жаңа қаруға тапсырыс беріп жатыр және бұл процесте тепе-теңдік жоқ».

Сондай-ақ оқыңыз