Ұлттық экономика министрлігі екінші деңгейлі банктердің корпоративті табыс салығы мөлшерлемесін 20%-дан 25%-ға арттыру ұсынып отыр. Бұл талап 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс жаңа салық кодексінде қарастырылмақ. Бұл Ашық үкімет порталында талқылауға ұсынылған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексінің (Салық кодексі) жобасына Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында көрсетілген. Қоғамдық талқылау 27 наурызға дейін болады.
«КТС мөлшерлемелерін саралау: 25% – банк секторы үшін; 20% – жалпыға бірдей белгіленген мөлшерлеме; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қаржы лизингі, әлеуметтік сала (білім, медицина, денсаулық сақтау) үшін 10%», – деп жазылған қоғамдық талқылауға ұсынылған құжатта.
Ұлттық экономика министрлігі ұсынысы
Құжатты әзірлеуші ұлттық экономика министрлігі банктер үшін КТС мөлшерлемесін арттырудың пайдасы ретінде қызметтің кірістілігіне байланысты және жиынтық салық жүктемесін ескере отырып, жүктеме деңгейін бөлу әділ тәсіл деп санайды. Сонымен қатар ықтимал кемшіліктерді де атап көрсетеді. Яғни егер салық төлеуші қызметті экономиканың әртүрлі салаларында жүзеге асыратын болса, бөлек есепке алуды енгізу; мүдделі тараптардың (салалық мемлекеттік органдар, қауымдастықтар, салық төлеушілер) қарсыласуы; пайданың бір бөлігін аффилиирленген (сервистік) компаниялар арқылы шығындар түрінде қайта бағыттау.
Қазақстанда кіріске салық салудың жалпақ шкаласы қолданылады. Мәселен, КТС жалпы мөлшерлемесі 20%. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өз өндірісінің өткізуден түскен кіріс бойынша – 10% құрайды. Экономика салаларына байланысты салық мөлшерлемелерін саралау жоқ.
Сонымен бірге, ҰЭМ экономиканың қаржы секторы мен ойын бизнесі сияқты кейбір секторлары жоғары маржиналды екенін атап өтті. Осыған байланысты олар табыс салығы ставкасын рентабельділікке қарай экономикалық қызмет саласына байланыстыруды ұсынып отыр. Алайда КТС мөлшерлемесін неге тек банк секторы үшін ғана көтеру ұсынылып отырғанын түсіндірмейді.
Қазақстандағы КТС салу тәртібі халықаралық тәжірибеге сай
Құжатты әзірлеушілер жалпы Қазақстандағы КТС салу тәртібі халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді деп есептейді. Ұсынылып отырған 20% басқа елдердің мөлшерлемесімен салыстырғанда төмен саналады.
Құжат КТС-тің бірыңғай ставкасын қолданудың қолданыстағы тетігін сақтауды және КТС бойынша әрбір қолданыстағы салық жеңілдіктерінің қажеттілігін қайта қарауды ұсынады. Өйткені бюджетке КТС түсімдері салық ставкасының саралануынан емес, экономикалық негізделмеген салықтардың болуына байланысты болады.
Табыс салығының мөлшерлемесін ұлғайту рентабельділікке байланысты экономикалық қызмет саласына байланысты ұсынылады.
Сондай-ақ, КТС бірыңғай мөлшерлемесін қолданудың қолданыстағы тетігін сақтауды қарастыру және КТС бойынша әрбір қолданыстағы салық жеңілдіктерінің қажеттілігін қайта қарау ұсынылады. Өйткені бюджетке КТС түсімдері салық мөлшерлемесін саралауға емес, экономикалық негізсіз салық жеңілдіктерінің болуына байланысты болады.
Өз кезегінде, КТС төмендетілген мөлшерлемесі көздеу бизнесті бөлшектеу және КТС төмендетілген мөлшерлемесін белгіленген экономиканың басқа салаларында қосымша компаниялар құру арқылы салық міндеттемелерін азайту мақсатында схемалар құруға әкелуі мүмкін.
Жаңа ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жаңа Салық кодексі қайта қаралуы жайлы ойын айтқан.
«Бүгін Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексін қайта қарауды тапсырды. Оның ішінде ҚҚС мәселесі де айтылды. Енді біз бизнес мен қоғам талқысына салып, кодексті жазатын боламыз. Салық кодексін қайта қараймыз», – деді Байбазаров.
Оның айтуынша, тек қосымша құн салығына қатысты ғана емес. Бүкіл салық жүйесін толықтай қайта қараған кезде ғана қандай өзгеріс болатынын айтуға болады.