Қазақстан Қырғызстанда сертификатталған өнімдерге тыйым салуы мүмкін

Жарияланды
Қазақстан Қырғызстанда сертификатталған өнімдерге тыйым салмақ / Фото: архив kursiv.media

Қазақстанда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қырғызстанда сертификатталған өнімдерге тыйым салынуы мүмкін. Тиісті құжат Ашық НҚА порталында жария талқыға шығарылды. 

Бұл өзгеріс Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 9-тармағына сәйкес қабылданбақ. Құжат бойынша мүше мемлекет қауіпті өнімнің айналымға шығарылуын болдырмау жөніндегі шұғыл шаралар қабылдай алады.

Қырғызстанда сертификатталған тауарларды шектеу – адамның өмірі мен қоршаған ортаны қорғау үшін қажет

«Шарттың 29-бабының 1-тармағында, егер мұндай шектеулер адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау үшін қажет болған жағдайда, мүше мемлекеттер тауарлармен өзара саудада шектеулерді (мұндай шаралар негізсіз кемсіту құралы немесе сауданы жасырын шектеу құралы болып табылмайтын жағдайда) қолдануға құқылы екендігі де тікелей белгіленген», – деп жазылған құжатта.

Осылайша, Қазақстан ЕАЭО техникалық регламенттерінде белгіленген сәйкестікті бағалау рәсімдерінен өтпеген өнімдерден қорғауға бағытталған шаралар қабылдамақ. 

Регламентті бұзу – ЕАЭО туралы шартты бұзу болып есептеледі

«Қазіргі уақытта ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің бірінің сәйкестікті растау жөніндегі органдары рәсімдерді бұзушылықтармен сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды және сынақтар жүргізбей рәсімдеуде», – деп жазылған құжатта. 

Атап айтқанда, ЕАЭО KG **тіркеу нөмірлері бар құжаттарды рәсімдеу жағдайы тіркелген. Сәйкестікті бағалау рәсімдерін бұзу – техникалық регламенттерді бұзу. Тиісінше ЕАЭО туралы шартты бұзу болып есептеледі.

2023 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕАЭО сынақ зертханаларының бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасының 413 сынақ зертханасы және елдің барлығы 43 сынақ зертханасы бар. Яғни сынақ мүмкіндіктері 10 есе аз.

Құжат жобасына Премьер-министр қол қойған

«2024 жылғы 1 шілдеден кейін берілген немесе қабылданған, ЕАЭО KG * * * тіркеу нөмірлері бар бірыңғай нысандағы сәйкестікті бағалау туралы құжаттармен қоса берілетін өнімді Қазақстан Республикасында айналысқа шығаруға және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығаруға тыйым салу енгізілсін», – деп жазылған Қазақстан Республикасы Премьер-министрі О.А. Бектенов қол қойған құжатта. 

Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Министрлер кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы қаулы «Ашық НҚА» порталына орналастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз