Павел Дуров Telegram желісін IPO-ға шығаруы мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
Telegram желісіне 900 млн-нан аса қолданушы тіркелген / Фото: архив kursiv.media

Telegram мессенджерін белсенді қолданушылардың саны айына 900 млн қолданушыны құрайды. Бұл туралы танымал желінің негізін қалаушы Павел Дуров Financial Times басылымына берген сұхбатында айтты. Басылым атап өткендей, бұл Дуров мырзаның 2017 жылдан бері алғашқы сұхбаты.

Telegram желісі IPO-ға шығарылуы мүмкін

«Инвесторлар қазір Telegram-ды 30 миллиард доллардан астамға бағалайды», – деп атап өтті сұхбат барысында Павел Дуров. Ол қазір миллонер компанияны IPO-ға шығару туралы ойланып жүр.

Дуровтың айтуынша, инвесторлар, соның ішінде соңғы сатыдағы стартаптарға инвестиция салатын «жаһандық технологиялық қорлар» желіні 30 млрд доллардан астамға бағалаған. Компанияға толық иелік ететін миллиардер оны сату мүмкіндігін жоққа шығарды. Бірақ IPO туралы ойланып жүргенін растады. Дуров бұл мессенджер құндылығына «қолжетімділікті демократияландыру» мүмкіндігі деп есептейді.

IPO қашан өтеді?

Financial Times басылымының дерегінше, Telegram рентабельділікке қол жеткізгеннен кейін және нарықтық жағдайлар дұрыс болған кезде АҚШ-тағы листингке дайындалады. Дуров жария орналастырудың ықтимал мерзімі туралы ақпарат беруден бас тартты. Бірақ ол Telegram Reddit үлгісі бойынша акциялардың бір бөлігін өзінің ең адал пайдаланушыларына сату мүмкіндігін қарастыратынын айтты.

Сонымен қатар компания облигацияларының иелері Telegram акцияларын ала алады. Олар облигацияларын IPO бағасынан 10-20% жеңілдікпен бағалы қағаздарға айырбастай алады.

«Егер ол 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін болса: бұл компанияның осы күнге дейін көпшілікке шығуына ынталандыру болып табылады»,– деп жазады FT.

Бұған дейін мессенджер жалпы сомасы 2 млрд доллардан асатын үш облигация шығарылымын сатқан.

IPO-дан басқа, инвесторлар инвестицияның шағын раундына қатысуға мүдделі. Бұл мүмкіндік компанияға қаржы тарту қажет болған жағдайда қарастырылады. Мысалы, жасанды интеллекті дамыту үшін.

Telegram туралы деректер

2021 жылдың басында желіні 500 миллион адам қолданатын. Дуровтың айтуынша, компанияның кірісі «жүздеген миллион долларды» құрайды. Алайда ол нақты сандарды айтпады. Негізгі кіріс көздері – жарнама және ақылы жазылымдар.

Еске сала кетсек, 2,9 млрд қолданушысы бар әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі — Facebook. Одан кейін 2,5 млрд және 2 млрд қолданушылары бар Youtube және WhatsApp. Үздік бестікке Instagram (1,4 млр пайдаланушы) және WeChat (1,3 млрд пайдаланушы) кірді. Сондай-ақ TikTok, Facebook Messenger, Telegram, қытайлық Douyin, Kuaishou, Sina Weibo және басқалары ең танымалдардың тізімінде.

Сондай-ақ оқыңыз