«Кселл» АҚ 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті жариялады.
2022 жылғы есеп бойынша, компания 40 млрд 350 млн теңге таза табыс тапқан. Ал 2023 жылы бұл табыс 18,4% азайып, 32 млрд 897 млн теңге болды. Мұның үстіндегі 9 млрд 155 млн теңгені табыс салығына төлеген.
Компанияның былтырғы капиталы 171 млрд 518 млн теңге болды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 32 млрд 897 млн теңгеге көп. Ал компанияның активтері 272,4 млрд теңгеден 391,2 млрд теңгеге дейін өсті.
Kcell компаниясының жалпы пайдасы (түсім мен өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма) 10 млрд теңгеге азайып, 71,5 млрд теңгеге дейін төмендеді. Операциялық пайда (сатудан түскен пайда) 60,2 млрд теңгеден 50,9 млрд теңгеге дейін қысқарды.
«Кселл» АҚ 2022 жылғы сату көлемі 219 млрд 002 млн теңге болса, былтыр сату көлемі 4 млрд 745 млн теңгеге артқан (223 млрд 747 млн тг).
Оператордың бақылаушы акционері – «Қазақтелеком «АҚ. БЖЗҚ-ға 7,06%, Ғалымжан Есеновке 14,87%, First Heartland Jusan bank-ке 9,08% тиесілі, оны да Есенов бақылайды.
Айта кетейік, «Кселл» АҚ басқарма мүшелері 2022 жылға 819 миллион теңге көлемінде сыйақы алды.
«Кселл» АҚ басқармасының жеті мүшесі 2022 жылы салық төлегенге дейін 819 миллион теңге табыс тапқан.
«Осы хат арқылы «Кселл» АҚ 2022 жылға атқарушы орган мүшелерінің жалпы сыйақысы туралы ақпаратты ұсынады. Атқарушы орган – алқалы (басқарма). «KCell» АҚ атқарушы органына 2022 жылы төленген сыйақы мен өтемақылардың жалпы сомасы салықтарды есептемегенде 819068825,14 теңгені құрады», делінген KASE хабарламаcында.
Бұған дейін Kcell акционерлері 2022 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдағанын жазған едік.
Акционерлер компанияның 2022 жылғы аудиттелген жеке және шоғырландырылған қаржылық есептерін бекітті. Сонымен қатар:
«Кселл» АҚ-ның 2022 қаржылық жылындағы таза табысы бөлінбесін және «Кселл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін. Шешім қарапайым көпшілік дауыспен қабылданды», делінген компанияның KASE-ге жолдаған ақпаратында.