Freedom Broker қор нарығының көшбасшысы атанды

Жарияланды (жаңартылды )

Freedom Broker қор нарығының сегіз номинациясы бойынша марапатталды/Коллаж kursiv.media

Қазақстан қор биржасы (KASE) Freedom Broker-ді әр секторда ең үлкен сауда белсенділігін көрсеткен қор нарығының көшбасшысы ретінде таныды. Сонымен қатар брокерлік компания сауда алаңы басшылығынан түрлі номинациялар бойынша тағы жеті мараптқа ие болды. Сыйлықтар 2023 жылдың қорытындысы бойынша жыл сайынғы салтанатты рәсім аясында табыс етілді.

KASE сауда алаңы нарықтарында үздік нәтижелерге қол жеткізген биржа мүшелерін, сондай-ақ БАҚ өкілдерін марапаттады. Freedom Broker сегіз номинация бойынша сыйлық алды, соның ішінде:

  • Қор нарығындағы жылдың үздік андеррайтері. «KEGOC» АҚ-ның SPO-сын жүзеге асырған букраннерлерінің консорциумы марапатталды. Олардың қатарында BCC Invest, Haly Finance, SkyBridge Invest және Jusan Invest болды. «KEGOC» АҚ-ның KASE-дегі қарапайым акцияларының SPO шеңберінде 18,7 млрд теңгеге 37 мыңнан астам өтінім қанағаттандырылды, бұл жалпы орналастыру көлемінің 82,4%-ын құрайды.
  • Корпоративтік облигациялар нарығындағы жылдың үздік андеррайтері. Freedom Broker ең үлкен көлем – 166,7 млрд теңгеге тоғыз эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымын ұйымдастырды. 2023 жылғы компанияда нарықтық шарттарда орналастырылған 81 жалпы құралдың 20 шығарылымы болды. Бұл номинация бойынша BCC Invest және Haly Finance компаниялары да марапатталды.
  • Қор нарығының көшбасшысы. Бұл номинация бойынша биржа нарығының әрбір секторында ең үлкен сауда белсенділігін көрсеткен сауда қатысушылары марапатталады. Freedom Broker KASE Global-ды қоса алғанда  жалпы көлемі 129,9 млрд теңгені құрайтын 426,3 мың мәміле немесе қайталама нарықтағы барлық мәміленің 25,2%-ына ие болып көшбасшы атанды. Сонымен қатар, бұл номинацияда Halyk Finance және Halyk Bank жеңімпаз атанды.  
  • Корпоративтік облигациялар нарығының көшбасшысы. Freedom Broker барлық көрсеткіштер бойынша басқа биржа мүшелерінен озық шықты: жалпы сауда айналымы (558,9 трлн теңге, облигациялардың қайталама нарығының жалпы сауда айналымының 45,7%), жасалған мәмілелер саны (81,8 мың мәміледен 31,3 мыңы), қорытынды күндері (246 күн) және пайдаланылған қосалқы шоттар (2,8 мың қосалқы шоттың 1,4 мыңы). Freedom Broker-тен басқа Jusan Invest-те  марапатталды.
  • Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы. Freedom Broker жалпы 7,9 мың мәмледен 3,4 мыңын жасады. Сонымен қатар ең үлкен сауда белсенділігін көрсеткен Kaspi Bank жеңімпаздар қатарында болды.
  • Акциялар нарығындағы жылдың үздік маркет-мейкері. Freedom Broker-ден басқа, BCC Invest және Halyk Finance көшбасшы болып танылды. Жеңімпаздарды анықтау кезінде компаниялар маркет-мейкер ретінде әрекет еткен бағалы қағаздардың саны, маркет-мейкер операцияларының көлемі мен саны ескерілді.
  • Корпоративтік облигациялар нарығындағы жылдың үздік маркет-мейкері. Бұл аталым бойынша да алдыңғы аталымда жеңімпаз болғандар тағы марапатталды.
  •  МБҚ нарығындағы жылдың үздік маркет-мейкері. Халық банкі де осы номинация бойынша марапатқа ие болды.

Сондай-ақ биржа табысты SPO үшін ұлттық электр желісі операторы KEGOC-ты, ал сәтті IPO үшін Air Astana компаниясын  марапаттады. «Самұрық-Қазынаны» табысты IPO/SPO өткізгені үшін марапатқа ие болды. Себебі компания 2023 жылы «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларын SPO-ға және 2024 жылы   Air Astana акцияларын IPO-ға шығарды.

«Мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып қаржыландыруды табысты тартқаны үшін» аталымы бойынша үш компания марапатталды. Олар – BRBAPK, Black Biotechnology және KazWind Energy. 2023 жылы 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасына түзетулер енгізілді. Ол купондық мөлшерлемені субсидиялауды және облигацияларды кепілдендіруді қарастырды. Өткен жылы листингтен тек осы үш компания ғана өтті.

«Арнур Кредит» микроқаржы ұйымы, Азия Даму Банкі, Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) және «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ (Solva брендімен жұмыс істейді) ESG облигациялары нарығының көшбасшылары атанды. 2023 жылы бұл компаниялар жасыл және әлеуметтік облигациялар шығарды және KASE листингінен өтті.

Halyk Bank, ҚДБ, «Қазтрансойл», «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» компаниялары ашықтыққа талпынғаны үшін марапатталды. Бұл компаниялар KASE платформасын пайдалана отырып, инвесторларға ақпаратты ашудың және инвесторлармен байланыс орнатудың үздік тәжірибесін көрсететіні атап өтілді.

2023 жылы Қазақстан қор нарығының және KASE қызметін белсенді жариялағаны үшін іскерлік БАҚ дипломдармен марапатталды. Түрлі номинациялар бойынша марапаттарды 24.kz телеарнасы, Интерфакс-Қазақстан, Курсив, Inbusiness.kz, Forbes.kz, Exclusive.kz, Kapital.kz, DKNews.kz және BAQ.KZ алды.

Сондай-ақ оқыңыз