Bitcoin өсімі шамамен 1500 әмиян иесін «миллионер» етеді

Жарияланды
Bitcoin өсімі шамамен 1500 әмиян иесін «миллионер» етеді / коллаж kursiv.media

Биткоинның рекордтық өсімі шамамен 1500 жаңа әмиян иесін «миллионерге» айналдырады. Әмиян – пайдаланушылар криптовалютаны сақтай алатын Bitcoin blockchain-дегі сандық мекенжайлар.

Әмиянда сақталған биткоин саны сынды деректер қолжетімді. Мекенжайлар анонимді, бұл жеке немесе заңды тұлғалардың бақылауында екенін анықтауды қиындатады. 

Bloomberg ақпаратына сүйенсек, криптовалюта осы жылдың өзінде-ақ қаңтар айынан бастап биржалық сауда қорларына деген сұраныстың артуынан шамамен 70% өсті. Осы жылы 1 наурызға дейін 1691 әмиян иесі «миллионерге» айналған.

Биткоин бағасы дүйсенбіде 71 000 доллардан асып, рекордтық деңгейге жетті. Дүйсенбіде Ұлыбританияның қаржылық қадағалау органы цифрлық активтер саудасы өнімдеріне жол ашқан. Орган инвестициялық биржаларға криптовалютамен қамтамасыз етілген биржалық облигацияларды шығаруға рұқсат беретінін хабарлады.

Reuters ақпаратына сүйенсек, биткоин еуропалық саудада рекордтық 71 677 долларға дейін 4,8% өсті. 

Биткоин бағасының өсуі

4 наурызда нарықтық құны әлемдегі ең танымал крипто валюта биткоиннің бағасы жыл басынан бері 50% өскені туралы жазған едік. Негізгі баға АҚШ-тағы акциялардың сауда-саттық көлемінің өсуіне байланысты болған.

Азия нарығы ашылған кезде баға 64 285 долларға жетті, бұл 2021 жылдың аяғында тіркелген рекордтан кейінгі ең жоғары деңгей болған. Ол кезде биткоин бағасы 68 999,99 доллар болған.

«Биткоин ағыны таусылмайды. Себебі баға өскен сайын инвесторлар өздерін сенімді сезінеді»,  – дейді Crypto analytics house зерттеу бөлімінің басшысы Маркус Тилен.

Айта кетейік, 2024 жылдың 27 ақпанында биржада биткоин құны 3,6%-ға өсіп, 56,422 мың долларды құрады. Техникалық талдау тұрғысынан биткоин бағасы 58 400 долларға өсіп, содан кейін 62 000 долларға жетуі мүмкін деген болжам болған.

Биткоин бағасы қаңтар айының ортасынан бері өсті. Бұған дейін осы деңгейден жоғары криптовалюта саудасы 12 қаңтарда тіркелген еді. Қаңтардағы ең жоғары көрсеткіш – 48,9 мың долларға жеткеннен кейін, танымал криптовалюта шамамен 20%-ға арзандады.

Кейін баға құбылып, 42-43 мың доллар аралығында қалыптасқан. 2024 жылғы 4 ақпандағы сауда да биткоинның орташа бағасы 46 719 долларды құрады.

Еске сала кетсек, белгісіз адамдар АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының (SEC) Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) аккаунтын бұзып, биткоинға тікелей инвестиция салуға болатын ETF-тің қосылатыны туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, былтыр кіші валюталар әсерінен крипто нарығындағы биткоиннің үлесі 50% төмендеді деп хабарладық. 

Сондай-ақ оқыңыз