Made in Kazakhstan with Italy: Қазақстан мен Италия ортақ брендпен тауар өндіруге ниетті

Жарияланды
Фото: invest.gov.kz

Қазақстан мен Италия made in Kazakhstan with Italy бірыңғай сауда маркасымен тауарлар шығару мәселесін талқылап жатыр. ҚР сауда министрі Арман Шакқалиев «Италияда жасалған» кәсіпкерлік және өнім істері министрі Адольфо Урсомен кездесті. Қос тараптың кездесуі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға қаңтардағы сапарының қорытындысы бойынша уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде жүзеге асып отыр.

Арман Шаққалиев атап өткендей, Қазақстан мен Италия арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың табысты тәжірибесі қалыптасқан. Қазақстан Орталық Азиядағы итальяндық бизнестің сенімді серіктесіне айналды. Шаққалиев Италия нарығында сұранысқа ие болуы мүмкін және келешегі бар өнім түрлерін атап өтті.

Қазақстаннан Италияға өңделген тауарларды экспорттау әлеуеті 260 миллион доллардан асады. Органикалық азық-түлік өнімдерінің айтарлықтай артықшылығы бар. Біздің болжамымыз бойынша Италия нарығында сұранысқа ие болатын келешегі бар өнімдердің бірі – жылқы еті. Қазақстан мүмкін органикалық салқындатылған жылқы етін, сондай-ақ уылдырық пен балдың экспорттық жеткізілімдерін ұсынамын», – дедіАрман Шаққалиев кездесу барысында.

 Италия жыл сайын 140 миллион доллардан астам жылқы етін импорттайды.

Сондай-ақ Арман Шаққалиев Италиямен Made in Kazakhstan with Italy бірыңғай тұжырымдамасын құру және ілгерілету мәселесін пысықтауды ұсынды. Бұл сауда маркасын Италия мен Қазақстан компаниялары бірлесіп өндіретін тауарларға қолдануға болады.

«Ішкі өндірісті ынталандыру үшін біз қазақстандық тауарлардың тізімін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол барлық мүдделі тараптарға қолжетімді болады және қазақстандық тауарлар туралы мәліметтердің жалғыз көзі болады. Осы тізілімдегі тауарлар мемлекеттік қолдау алуға құқығына ие болады», – деді Қазақстанның сауда және интеграция министрі.

Италия өкілі бұл бастаманы қолдап, өнімдерді жаһандық сәйкестендіруге және бірегей брендтерді жасауға ниетті екенін айтты. Адольфо Урсоның айтуынша, «Қазақстанда жасалған» белгісімен өнім шығарғысы келетін кәсіпкер, ең алдымен, басқа брендтерден ерекшеленуі үшін өз тауарының бірегей ерекшеліктерін көрсетуі керек.

Жиын барысында талқыланған келісімдер үкіметаралық жұмыс тобы аясында жүзеге асырылатын болады.  

Бүгінде Италиядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция 7,3 миллиард долларды құрады. Бұл жайлы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен келіссөз барысында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Италия арасында тығыз саяси диалог, берік экономикалық ықпалдастық байланыс орнағанын атап өтті. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Италиядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция 7,3 миллиард долларды құрады. Бүгінде біздің елімізде 300-ден астам италиялық компания табысты жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз