Экология министрлігі ауаға метан тарағаны туралы BBC жариялаған ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланды
Экология министрлігі ауаға метан бөлінбегіні айтты / Фото: instagram: mangystau_ecology_department

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасындағы апаттан кейін ауаға таза метан бөлінді деген ақпаратты жоққа шығарды.

Жомарт Әлиев кен орынында апат болғанын растады, алайда ауаға таза метан тарады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Метан – өте улы газ. Ал оған бүкіл әлемде  бақыланатын процесте тыйым салынған. Төтенше жағдайда да оны жай ғана өртеп жібереді. Қазір метан шығарындыларының үлкен көлемі туралы мәселе көтіріліп жатыр. Апат болған сәттен бастап газ ағынының өзі өртенді. Иә, жану нәтижелері бойынша, бұл газ қоспасының жануы болды. Экологтар апта сайын өлшеулер жүргізді, заттардың жекелеген түрлері бойынша  шекті мөлшерден асып кету жағдайлары болды», – деді вице-министр Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз жиынында.

Сондай-ақ Әлиев бүгінде жоспардан тыс тексеру аяқталып, компанияға айыппұл салынғанын атап өтті. Айыппұл көлемі жарты миллион теңгеден асты.

«Оңтүстік Қаратұрын» мұнай кен орнындағы өрттің хронологиясы

Естеріңізге салайық, 2023 жылғы 9 маусымда Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі «Бозашы Мұнай» ЖШС «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында өрт болып жатқаны туралы хабар таратты.

«Өрт 1088 метр тереңдіктен бұрғылау құралының көтерілуі нәтижесінде пайда болған. № 303 ұңғымадағы ашық газ субұрқағында газ-су қоспасының шығарылуы өрттің пайда болуына тікелей әсер еткен», – делінді хабарламада.

4 тамызда Экология департаменті «Оңтүстік Қаратұрын» кен орындағы өрт тұрғындарға қауіпті емес екенін мәлімдеген. «Оңтүстік Қаратұрын» кен орны ұңғымасындағы 6 айға созылған өрт 2023 жылғы 26 желтоқсанда сөндірілді.

«Бозашы Мұнай» ЖШС иесі кім?

«Бузачи нефть»  компаниясы 1993 жылғы 22 желтоқсанда тіркелген. Шикі мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысады. Компания орта кәсіпорын болып табылады. Алғашқы жетекшісі – Сәуле Асанова. Uchet.kz хабарлағандай, компания 2022 жылы 8,2 млрд теңге салық төлеген. 2023 жылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша қазынаға 13,18 млрд теңге аударған. Компанияның жалғыз құрылтайшысы – Мұрат Сафин.ОлMTA Securities & Investment Limited компаниясына тиесілі «Атыраумұнайгазгеология» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 

Сондай-ақ оқыңыз