Президент бұрынғы депутат Ғани Қалиевтің туыстарына көңіл айтты

Жарияланды (жаңартылды )
Мәжілістің бұрынғы депутаты Ғани Қалиев қайтыс болды / коллаж kursiv.media

Қоғам қайраткері Ғани Қалиев қайтыс болды. Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Ғани Қалев – ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Қазақстанның саяси өміріне де белсенді араласқан. ҚР Жоғарғы кеңесі мен Парламент Мәжілісінің депутаты болды. «Ауыл» ХДПП партиясына ұзақ жыл төрағалық етті.

Ғалым 1938 жылы Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген. 1962 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін, 1967 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универ­си­те­тін бітірген.

Әр жылдары қазіргі Қазақ экономика университетінде, Қазақ экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында және Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында қызмет еткен.

1991 жылдан бастап саясатқа араласа бастады. Қазақ КСРО Жоғары кеңесінің депутаты болды. Ал 1999-2004 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

Еске салайық, бұған дейін Amanat, Ауыл, ЖСДП және Respubliсa-ның партиялық тізімінде кімдер бар екенін жазған едік.

ОСК Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялаған соң, әр партия Мәжіліс депутаты мандатына бекітілген орындар боынша кандидаттарын ұсына бастады. 

Ал «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 8 депутаттық мандат иелері анықталып, бекітілді.

Олар:

  1. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы,
  2. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, партия мүшесі, ауыл шаруашылығы, ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі,
  3. Абден Қарақат Жақсылыққызы, партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті,
  4. Баққожаев Анас Ахатұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары,
  5. Саурықов Ерболат Байұзақұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облысындағы өңірлік филиалының төрағасы, Ш.Мұртаза ат. Тараз халықаралық инновация институтының президенті,
  6. Арсютин Николай Геннадьевич, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары,
  7. Зейнуллин Аян Талғатұлы, партия мүшесі, «СПК Астана» ӨК өндіріс бойынша директоры,
  8. Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы, партия мүшесі, С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ оқытушысы.
Сондай-ақ оқыңыз