SCAT әуе компаниясы тиісті салықты төлемегені үшін аңшылық алқабынан айырылды

Жарияланды
SCAT вернет охотничьи угодья государству из-за долгов
SCAT әуе компаниясы жалға алған аңшылық алқабын мемлекетке қайтарады/коллаж: kursiv.media

SCAT әуе компаниясы жалға алған 4 400 гектар аңшылық алқабын мемлекетке қайтаруға мәжбүр. Бұған әуе компаниясының салық төлемегені себеп болған. Түркістан облыстық прокуратурасы осындай шара қабылдаған.

Жалға алынған жер

Түркістан облысы әкімдігі 2019 жылдың 13 желтоқсанында SCAT  әуе компаниясына аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жер беру туралы қаулы шығарған. Осының негізінде Табиғи ресурстар басқармасы мен әуе компаниясы 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын жалға беру туралы шарт жасасқан.

Екі тарап арасында жасалған шарттың 3-тармағына сәйкес пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған. Бірақ та әуе компаниясы шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін салық төлемеген.

Шешім

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде облыстық прокуратураның 21 ақпандағы бұйрығына сәйкес  шартты бұзу жолымен аңшылық алқабы мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

SCAT әуе компаниясы 1997 жылы құрылған. Штаб-пәтері Шымкентте орналасқан. Әуе компаниясы халықаралық және ішкі рейстерді орындайды. 2018 жылдан бастап IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының толық мүшесі. 

Осы жылдың басында әуе компаниясы Шымкент әуежайын сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға алды.

Сондай-ақ оқыңыз