Костенкодағы жарылыстан кейін: Прокурорлар Алматы облысындағы аса қауіпті шахтаны жапты

Жарияланды
Прокурорлар Алматы облысындағы аса қауіпті шахтаны жапты / shutterstock

Алматы облысының прокурорлары аймақтағы аса қауіпті «Тұйық» шахтасын жауап тастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнының аумағы прокурорлық тексеруден кейін мәжбүрлі түрде жабылды. Жер қойнауын пайдаланушы компания жіберген қателік 25 кеншінің өміріне қауіп төндіргені анықталған.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, тексеріс Қарағанды облысындағы Костенко және Павлодар облысындағы Майқайың кен орындарындағы қайғылы оқиғадан кейін басталған. Прокурорлар қорғасын кен орнында жұмыс жүргізу қауіпті екенін анықтаған.

Шахтаны тексеру кезінде қоймалардың бекіністері зақымдалғаны, ал төбеде құлауы мүмкін тау жыныстарының бөліктері бар екені белгілі болған. Прокурорлар жобалық құжаттамадан ауытқуларды және бекіту материалдарына төлқұжаттардың жоқ екендігін анықтаған.

Шахта иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды («қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелерін бұзу»). Бұл кемшіліктер түзетілмейінше, шахта жұмысы тоқтап тұрады.

Костенко шахтасындағы жарылыс

Еске сала кетсек, 28 қазанда «ArcelorMittal» компаниясына қарасты Костенко шахтасында жарылыс болды. Салдарынан 46 кенші опат болды.

Бұл қайғылы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Оны премьер-министр Әлихан Смайыловтың өзі басқарды.

Сонымен бірге шахтада болған апатты Бас прокуратура тексеретінін  мәлімдеді. Шахтадаға қайғылы оқиғадан кейін арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары кірген.    

Бұл оқиғадан соң АМТ мемлекетке қайтарылатын болды. Біраз уақыт өткен соң Өндіріс және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АМТ компаниясының жаңа акционерін жария етті. Жаңа инвестор «Allur» компаниялар тобы және оның иесі Андрей Лаврентьев болды.

Майқайың алтын кен орнындағы апат

 стеріңізге салайық,  4 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ шахтасына құтқарушылар мінген автобус құлап кетті.

Кейін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ТЖД құтқарушылары құмнан 2 адамның мәйіті табылғанын  жариялады.

 9 қаңтарда ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов «Майқайыңалтын» шахтасындағы құтқару жұмысы қашан аяқталатыны белгісіз екенін мәлімдеді.

15 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ бұрынғы жұмысшылары басшыларын айыптап, кеніштегі апатқа объективті тексеру жүргізуді талап етіп, мемлекеттік комиссия мүшелеріне ашық хат жолдады. Олар қайғылы оқиғаға комбинат басшысының салғырттығы себеп болғанын айтты.

Айта кетейік, «Майқайыңалтын» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Милан Попович есімді азамат тіркелген. Қазақстан қор биржасында жария етілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен аффирленген тұлғалар тізіміне сәйкес, Попович Қазақстан азаматы емес. Кипрдегі компаниялар регистрінде оған қатысы бар 8 компания көрсетілген. RocketReahc сайтының ақпаратына сүйенсек, Милан Попович Швейцария азаматы. Ол Хюненберг қаласында тіркеуде тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз