Жер сілкінісі кезінде ғимарат тұтастығына қауіп төнсе, оны жөндеуге мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді – әкімдік

Жарияланды
жер сілкінісі салдарынан
Жер сілкінісі салдарынан зиян шеккен әлеуметтік инфрақұрылымды жөндеуге әкімдік бюджетінен қаражат бөлінеді / Фото: kursiv.media

Алматы әкімдігі жер сілкінісі салдарынан ғимараттың зақымдануы анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмін әзірдеді. Бұл жайлы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мақсатта  аудандық әкімдіктер жанында ТЖД, МКК, аудандық сәулетшілер мен басқа да уәкілетті орган өкілінен тұратын комиссия тобы жұмыс істейді. Ғимаратқа қандай да бір зақым келген жағдайда қала тұрғындары фотоматериалдарымен қоса аудан әкімдігіне өтінішпен жүгіне алады. 

Бұдан әрі Комиссия мүшелері өтініш негізінде зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратқа тексеру жүргізеді. Яғни, олар тірек құрылымдарының бұзылу жағдайы тіркелді ме, анықтауы керек. 

Тексеріс жүргізілген соң, аудандық комиссиялардың барлық материалы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасында жинақталады. Содан кейін қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына (ҚазҚСҒЗИ) жіберіледі.

Өз кезегінде институт мамандары белгілі бір объектінің зақымдану себебі мен дәрежесі туралы өз қорытындыларын береді. 

Жер сілкінісі кезінде зардап шеккен ғимараттар егер ол әлеуметтік нысан болса, барлық жөндеу жұмысы бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. 

Ал көппәтерлі тұрғын үйлердің әрлеу элементтері зақымданған жағдайда жөндеу жұмысын кондоминиум қаражаты есебінен жүргізілуі керек.

«Егер де ғимараттардың тұтастығына қауіп төндіретін зақым анықталған жағдайда қалпына келтіру жұмысына қаражат мемлекеттік органдардың бюджетінен бөлінеді»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, 23 қаңтарда болған жер сілкінісі кезінде   70-ке жуық көпқабатты үйлердің қабырғалары зақымдалған. Зиян шеккен ғимараттар ішінде мектептер де бар. Әкімдікке үй қабырғаларын жарықтар пайда болғаны жөнінде 190-ға жуық өтініш келіп түскен.

Әкімдіктің хабарлауынша, жер сілкінісі кезінде ғимараттарда пайда болған жарықтар жөндеуге келеді.

«Кондоминиум объектісі саналатын тұрғын үйлердің қабырға жарықтары пәтер иелері корпоративтері есебінен жөнделеді. Әкімдік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымға жататын нысандарды қалпына келтіреді»,– делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда 2024 жылғы жер сілкіністерінің салдарын жою шараларына 40 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Сондай-ақ оқыңыз