Зорлық-зомбылыққа қатысты түзетулер қабылданған соң, 5 мыңға жуық адам тергеу изоляторларына қамалуы мүмкін – ІІМ

Жарияланды
Тергеу изоляторлары жетпейді
Қазақстанда арнайы тергеу изоляторлары жеткіліксіз / Фото: kursiv.media

Қазақстанда тұтқындау үйлері мен арнайы тергеу изоляторлары жеткіліксіз. Кейбір өңірлерде тіпті жоқ. Бұл туралы  ҚР ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха айтты.

«Алматы мен Ақмола облыстарында арнайы уақытша ұстау изоляторлары мүлдем жоқ. Олар негізінен 50-70 адамға, сирек жағдайда 80 адамға арналған. Тергеу изоляторларында да жағдай мәз емес. Жақында ғана тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды Сенатқа жіберу туралы шешім қабылданды, онда жеңіл дене жарақаты және  ұрып-соғу қылмыстық санатқа жатқызылады. Қазірдің өзінде осы баптар бойынша тергеу изоляторларында шамамен бес мың адам, мүмкін одан да көп адам ұсталады деп болжап отырмыз, — деді Лепеха.

Оның айтуынша, 2015 жылы есептеудер жүргізілген. Солу ақытта елге 29 тұтқындау үйі қажет екені мәлім болған.

«Ол үшін 57 млрд теңге және 2,5 мың жұмыс орны қажет. Бүгінгі күні бұл соманы екі немесе тіпті үш есеге артты деуге негіз бар. Бұл бірінші. Біз оны 2015 жылы РБК-ға әкелдік, бірақ қолдау болмады. Бүгінге дейін қамауға алуды қолдану мерзімі бірнеше рет ұзартылды, соңғы рет 2022 жылы премьер-министр, мемлекет басшысына хат жолдаған едік. Онда әлеуметтік мәселелердің басымдылығына байланысты бұл шараны 2027 жылға дейін кейінге қалдыруды және кейінге қалдыру сұралды», – деді ІІМ басшысының орынбасары.

Игорь Лепеха атап өткендей, 2022-2024 жылдарға арналған бюджетте уақытша ұстау үйлерінің құрылысы қарастырылмаған.

«Екіншіден, заң шығарушы 2017 жылдан бастап қамауға алуды жеңілдетілген қылмыстарды орындаудан жалтарған тұлғаларға жазаны алмастыру ретінде ғана қолдануға мүмкіндік берді. Яғни бүгінгі күні теріс қылықтар бойынша айыппұлдар, түзеу жұмыстары және т.б. қолданылады. Егер азамат жалтарса және ол бүгінгі күні тергеу изоляторларында арнайы бөлінген орындарда ғана ұсталса, онда басқа жер жоқ. Арнайы қабылдағыштарда жоқ. Шындығында, бізде қамауға алу шаралары қолданылмайды», – деді Лепеха.

ІІМ басшысының орынбасарының мәліметінше, бүгінгі таңда ел бойынша арнайы қабылдағыштар саны 31-ге жеткен және олар негізінен тек облыс орталықтарында орналасқан. 

Мәжіліс әйелдер құқы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты заң жобасын жұмысқа қабылдады. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарды қылмыстық жазаға тарту және балаларды қорлағандарға қатаң жаза қолдану нормалары бар.

Нақтырақ айтқанда, депутаттар екі түрлі заңды қарастырады. Біріншісі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіні қамтамасыз ету мәселелері» бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы негізгі заң жобасы. Ал екіншісі – «Қазақстан республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы.

«Бұл заң жобалары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді. Жоба мемлекет басшысының отбасылық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына және сайлауалды бағдарламасына толығымен сәйкес келеді. Біздің комитет тиісті заң жобасын жұмысқа қабылдауды ұсынады және тиісті қорытынды дайындайды»,– деді Әлеуметтік даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов.

Заң жобасында келесі негізгі нормалар қарастырылады.

Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапукершілікке жатқызу және жазасын қатаңдату.

Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдау құқығын беру.

Үшіншіден, отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттігін беру.

Төртіншіден, педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру.

Бесіншіден, суицидті насихаттау немесе суицидке итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу. Бұған қоса балаларға арнаған интернаттық ұйымдарға оларға алдын-ала ескертпестен кез-келген уақытта тексеру құқығын беру сияқты тағы да басқа өте маңызды нормалар қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз