Қазақстандықтар QIWI әмиянындағы қаражатын қайтара ала ма?

Жарияланды
Казахстанцы смогут вернуть свои деньги с QIWI-кошельков
Қазақстандықтар QIWI әмиянындағы ақшаларын жеңілдетілген тәртіппен қайтара алады/ Коллаж kursiv.media

Қазақстандықтар QIWI әмиянындағы қаражатын жеңілдетілген тәртіппен қайтара алады.

Ресейлік Qiwi банк лицензиясынан айрылғаннан кейін әмияндары арқылы транзакцияларды бұғаттады.

QIWI Kazakhstan ресейлік Депозиттерге кепілдік беру агенттігіне (ДВА) Қазақстан азаматтарына рубль, доллар және еуродағы қалдықтары бар бұғатталған әмияндардағы ақшаны төлеу үшін жүгінгенін хабарлады. Себебі компанияға қазақстандықтардан қаражатты қайтаруға көмек көрсету бойынша өтініштер келіп түскен.

QIWI Депозиттерге кепілдік беру агенттігімен бірлесіп әмияндардағы қаражатты қайтару схемасын әзірлеу процесін бастады. Алайда қазақстандықтар ақшаларын тек рубльмен қайтара алады.

«Жуырда QIWI Kazakhstan командасы қазақстандықтарды жеңілдетілген және Қазақстан Республикасының юрисдикциясына сай ақшаларын қайтару туралы жаңалықтармен қуанта алады деп үміттенеміз», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 21 ақпан Ресей Федерациясының Орталық банкі Qiwi банкінің лицензиясын қайтарып алды. Реттеуші мұндай шешімді банктің федералды заңдарды, оның ішінде ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күреске (AML/CFT) байланысты қабылдады. Бұған қоса Орталық банктің нормативтік құқықтық актілеріне қайшы әрекеттер тіркелген. Осыдан кейін компания Ресей Банкінің шешімі оның Қазақстандағы қызметіне әсер етпейтінін мәлімдеді.

РФ Орталық банкі қаржы ұйымының жеке тұлғалардың деректерін пайдаланып, оларға хабарламастан арнайы операцияларды жүзеге асыру фактілерін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыз