Қазақстанстандықтар 2023 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы шетелге 961 млрд теңгеден аса аударған

Жарияланды (жаңартылды )
Ұлттық банк өткен жылы шетелге Қазақстаннан қанша сома аударылғанын хабарлады / kursiv.media

2023 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жүргізілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 1,33 трлн теңге болды. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 26%-ға төмен. Бұл туралы Ұлттық банк сайты хабарлады.

Халықаралық ақша аударымдары жүйелері (ХААЖ) шот ашпай, аударым жүргізу үшін қолданылады. Негізінен бұл аударымдар жеке тұлғалар арасындағы өтеусіз аударымдар сипатында болады. 

Операциялардың 95% көлеміндегі елеулі үлесі – Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі.

ХААЖ арқылы жүргізілген жиынтық түріндегі ақшалар көлемінің 72%-ы шетелге жіберілген аударымдар болды. Олардың жалпы сомасы 2023 жылы 961,4 млрд теңгеге жетті. Аударымдардың шамамен 80%-ы «Золотая Корона» жүйесі арқылы жүзеге асырылды.

Қазақстаннан шетелге жүргізілген бір аударымның орташа сомасы – 372, 2 мың теңге. Осы ХААЖ арқылы жүзеге асырылған аударымдарды алушы негізгі елдер: Өзбекстан (27,5%), Ресей (25,1%), Түркия (23,1%), Грузия (9,6%) және Қырғызстан (3,4%).

Фото: Ұлттық банк

Жиынтық көлемнің 23%-ы шетелден алынған ақша аударымдарынан тұрады. Олардың көлемі осы кезеңде 305,8 млрд теңгеге жетті. Операциялардың едәуір бөлігі «Золотая Корона» мен «Вестерн Юнион» төлем жүйелеріне тиесілі. Шетелден Қазақстанға жүргізілген бір аударымның орташа сомасы 282,3 мың теңге болды. Аударымдарды жөнелтуші негізгі елдер: Ресей (35,3%), АҚШ (11,0%), Өзбекстан (11,0%), Оңтүстік Корея (10,7%) және Түркия (6,4%).

Фото: Ұлттық банк

2022 жылғы ақша аударымдары көрсеткіші қандай болды?

Айта кетейік, 2022 жылы ҚР-дан шетелге халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 962,7 млрд теңге жөнелтілген еді.

2022 жылғы қаңтар–қарашада ҚР-дан шетелге халықаралық ақша аудару жүйелері (ХААЖ) арқылы 962,7 млрд теңге жөнелтілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5% артық.

11 айда транзакциялар саны 2,6% азайып, 2,3 млн болды. Сөйтіп шетелге бір аударымның орташа сомасы 391,5 мың теңгеден 419,9 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Сондай-ақ оқыңыз