Жаңалықтар

Жобаларды жүзеге асыру қызық болуы үшін инвесторларға мүмкіндік беру керек – KASE басқарма төрағасы

Жобаларды жүзеге асыру қызық болуы үшін инвесторларға мүмкіндік беру керек – KASE басқарма төрағасы / kursiv.media

Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасы Алина Алдамберген Қазақстанның жаңа экономикасының стратегиялық мақсаттарын атады.

Қазақстан экономикасында жобаларды жүзеге асыру қызық болуы үшін инвесторларға көбірек мүмкіндік беру керек. Құрылымдық реформалар мен нақты мақсаттарды айқындау туралы айтып отырмын. Өзімізге «Қазақстан 2029 жылы қай жерде болғысы келеді?» деген сұрақ қоюымыз керек. Қазір смарт қызметтер туралы айтып жүрсек те, шын мәнінде, индустриалды экономикада жүрміз. Постиндустриалды экономикаға тән нәрсенің үлесі өте аз, – деді Алина Алдамберген Алматыда өтіп жатқан CFO Summit-2024 саммитінде.

KASE басшысы инвесторларды қандай бизнес моделі қызықтыратынына тоқталды.

Бір зерттеу бойынша, мысалы, S&P 500 алсақ, индекстегі S&P 500 компанияларының 60%-ы жаңартылғанын көреміз. Бұл – жаңа экономиканың өкілдері. АҚШ қор нарығының қалай өсіп жатқанына қарасақ, бәрі қайда инвестициялайды? Сол Amazon, Tesla, IBM-ға. Бұл – жаңа экономикада жұмыс істейтін компаниялар. Сондықтан Қазақстанда америкалық акцияларға сұраныс өте жоғары және қытайлық Hi-Tech акцияларына қызығушылық бар. Біз Азияда да, Таяу Шығыста да IPO-ның өсіп жатқанын көріп отырмыз, – деді Алина Алдамберген.

Оның айтуынша, банктер де, қор нарығы да қаржыландыруды өзгерту және қаржыландырудың жаңа көздерінің пайда болуы мәселесі бар.

Қазір венчурлық қаржыландыру белсенді дамып келеді. Өйткені жаңа формациядағы, жаңа тәртіптегі компаниялар қазіргі қалыптасқан жағдайда банктен несие ала алмайды. Олай ету үшін кепілі болуы керек. Қор нарығын алсақ, біздегі институционалдық инвесторлардың жеткілікті күшті базасы бар. Оларда реттеудің жеткілікті тізбесі бар. Біз рейтингті әрі қарай тізім бойынша талап етеміз. Мұның бәрі олардың таразылауына әсер етеді. Демек, бұл да – талдау мен реформаларды қажет ететін шектеулі мүмкіндіктер, – деді Алина Алдамберген.

Айта кетейік, елордада шетел компаниялары қаладағы түрлі құрылысқа инвестиция құйып жатыр.

Денсаулық сақтау саласында Катардың «Power International Holding» инвестициялық холдингі Cynosure компаниясымен бірлесіп елордада медициналық хаб салу жобасын іске асырып жатыр. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Біріншісі – 196 млн АҚШ доллары (88 млрд теңге) жеке инвестиция сомасына 50 төсек-орынға арналған медициналық орталық салу. Екінші кезең – шамамен 360 млн АҚШ доллары (160 млрд теңге) инвестиция сомасына медициналық хаб құруды көздейді, – делінген хабарламада.

Отырысқа «Sabis» және «International Community Schools Ltd» халықаралық мектептерінің құрылысы бойынша жобаларды іске асыратын шетелдік инвесторлар да қатысты. «SABIS» Араб брендінің халықаралық мектебінің құрылысын биылғы сәуірде бастау жоспарланып отыр. Мектеп 2800 оқушы орны мен мектепке дейінгі 530 бала орнына арналған.

Бұған дейін Арнайы экономикалық аймақтарға көп қаржы құйған инвесторлар жер сатып алу құқына ие болатынын жазған едік.

2024 жылы жоспар бойынша негізгі капиталға 22,1 трлн теңге инвестиция тартылады. Бұл жайлы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

«Үкімет алдына инвестициялар тарту бойынша үлкен міндеттер қойылды. 2024 жылы жоспар бойынша негізгі капиталға 22,1 трлн теңге инвестицияланады, бұл өткен жылдың қорытындысынан 22%-ға артық. Инвестициялық жобалардың Бірыңғай пулы аясында осы жылдың 2,3 трлн теңге сомаға 234 жобаны іске асыру жоспарланған. Өңірлердің әрбір әкімі мен салалық мемлекеттік органдардың министріне KPI бекітілген. Инвестициялық штаб шеңберінде инвесторлардың мәселелерін жедел реттеу бойынша шаралар қабылдануда», – деді министр.