«Шылым шегетіндер мен ішімдік ішетіндер МӘМС-ке көбірек төлеуі керек»:  Денсалуық сақтау министрлігі депутат ұсынысын қолдамады

Жарияланды (жаңартылды )
Вице-министр қорды жеке шоттарға бөлсе кейбір азаматтар қымбат медициналық көмекке ақы төлейтінін айтады /Фото: kursiv.media

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев медициналық сақтандыру жүйесінің пайыздық мөлшерлемесін темекі шегетіндер мен ішетіндер көбірек төлеуі керек деген депутат Ержан Бейсенбаевтың ұсынысымен келіспеді.

Вице-министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тек біртұтас принципті көздейінін еске салды. Айтуынша міндетті медициналық сақтандыру бойынша жеке-жеке шоттар әлемнің бір елінде – Сингапурда ғана бар.

Қорды жеке шоттарға бөлсе, бүгінгі күні азын-аулақ ақша аударып жүрген адамдар келешекте қымбат ем ала алмайтын жағдайға тап болуы мүмкін екенін түсіндірді.

«Біздің жүйе жеке пайыздық мөлшерлемелерді немесе жеке-жеке шот енгізуді білдірмейді. Себебі егер сіз осы бірыңғай қорды жеке-жеке шоттарға бөлсеңіз, бүгін салыстырмалы түрде шамалы соманы төлеп жүрген адам, ертең айтарлықтай қымбат медициналық көмекке ақы төлейді. Мысалы, жамбас буынын және стентті дәл осылай ауыстыру 1,5 миллион теңгеден тұрады. Әсіресе, дәрі-дәрмекті енгізу бағасы екі миллион теңгеден асады. Кейбір трансплантация операциялары – 10 миллион. Тиісінше, бұл соманы жинау іс жүзінде мүмкін емес. Осыған байланысты біздің жүйе біртұтас пулдың ынтымақтастығы қағидаттары бойынша жұмыс істейді. Мұнда барлығы қажеттілікке қарай қосылып, үлестіріледі және тұтынылады», – деп түсіндірді Сұлтанғазиев Сенат кулуарында.

Депутат ұсынысы

13 наурызда Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев өзінің депутаттық сауалында ішімдік ішетіндер мен темекі шегетіндерге МӘМС ақысын көтеруді ұсынды.

Депутаттың сөзінше, медициналық сақтандырудың қолданыстағы моделі экономиканың барлық қағидатына қайшы келеді. 

«Өз денсаулығы үшін дербес жауапкершілікті және емделуге дербес жинақтарды қамтымайды. Адам өз денсаулығына қалай қарайтынына қарамастан төлеуге міндетті болып шығады. Яғни, жаман әдеттері жоқ, спортпен шұғылданатын және аударымдарын емдеуге жұмсамайтындар денсаулығына мән бермейтіндер, темекі шегетіндер, ішетіндер және одан үнемі дәрі-дәрмектер мен дәрігерлерге ақша жұмсайтындармен бірдей төлеуі керек. Қарттарға, мүгедектерге және төтенше жағдайларға қатысты ынтымақты қағидат жұмыс істеуі керек екені түсінікті», – деді депутат.

Сөзінше, адамдар медициналық көмекке жүгінбестен ай сайын ӘМСҚ-ға төлейтін ақшасы үшінші тұлғалардың медициналық қызметін төлеуге кетеді.

Сонымен қатар бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният міндетті медициналық сақтандыруы жоқ азаматтардың көлік жүргізуіне тыйым салуды ұсынған еді.

Экс-министр бұл бастаманың «дамыған елдердің тәжірибесін зерттеп барып» көтеріліп отырғанын айтқан болатын.

«Қазіргі уақытта қаржы жүйесі актуарлық шығындардың өсуіне төтеп бере алмай барады, сондықтан қор (әлеуметтік медициналық сақтандыру) болашақта өз міндеттемелерін толық орындай алмайды деген болжам бар. Ұзақ мерзімді қамтамасыз ету үшін Жүйенің қаржылық тұрақтылығы, қажетті жағдайларды ескеру қажет (…) Сақтандырылмаған тұлғаларға медициналық және онымен байланысты мемлекеттік қызметтерге шектеулер енгізу ұсынылады. Мысалы, көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау және т.б.«, – деді Ғиният.

Экс-министр бұл бастаманың «дамыған елдердің тәжірибесін зерттеп барып» көтеріліп отырғанын айтқан болатын.

Бұдан бөлек денсаулық сақтау министрлігінде МӘМС-ке ең жоғары жарнаны бес есе ұлғайту мүмкіндігі қарастырылатыны белгілі болды. Бұл жалақысы 850 мың теңгеден асатын қазақстандықтарға әсер етеді.

Заң жобасы нені көздейді?

Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап жоғарғы шекті ЕТЖ мөлшерінен 10-нан 50 есеге дейін арттыруды ұсынды. Бұл әділдік қағидатын қамтамасыз ету үшін қажет. Ал МӘМС енгізілген бастапқы кезеңде жарна аудару үшін қызметкердің табысы бойынша жоғары шек белгіленген. Ол 10 ең төменгі жалақыдан аспайды, яғни жарна тек 850 мың теңгеге дейінгі табыстан алынады.

Кіріс бойынша жоғары шекті көтеру не үшін қажет

МӘМС қаражатты регрессивті бөлуді қолданады. Негізі табысы төмен адамдар табысы жоғары адамдардан артық жарна төлемеуі керек. Сондықтан ұсынылып отырған норма – денсаулық шығыстары үшін жауапкершілікті неғұрлым әділ бөлуді қарастырады.

Бұл өзгеріс кімдерге әсер етеді?

Елдегі 2,3 мың қызметкердің ғана МӘМС-ке төлейтін жарнасы бес есе өседі. Ал бұл барлық жалдамалы жұмысшылардың 0,04%-ы. Яғни бұл норма 850 мың теңгеден астам табысы бар жалдамалы қызметкерлердің 9%-ына әсер етеді. Жұмысшылардың 91%-ы үшін ештеңе өзгермейді.      

Сондай-ақ оқыңыз