«Ақшаны бояу» пилот жобасы әуелі жемқорлық дендеген салаларға енеді

Жарияланды (жаңартылды )
тенге, теңге
«Ақшаны бояу» пилот жобасы әуелі жемқорлық дендеген салаларға енеді / shutterstock

Антикор цифрлық теңге арқылы бюджет қаражатын игеру процесінде «ақшаны бояу» пилот жобасын масштабтауға кіріспек. Бұл туралы агенттіктің Telegram-арнасы хабарлады.

Бұл тетік Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің Қазынашылығымен өзара іс-қимыл жасай отырып енгізетін «цифрлық теңге» платформасы негізінде іске асырылады.

Әрине, цифрлық теңге – жымқыруға жол бермеудің маңызды, прогрессивті құралы. Оны енгізу бюджет қаражатын тиімді, мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – біздің басты міндетіміз, – деді Антикор төрағасы Асхат Жұмағали.

«Ақшаны бояу» пилот жобасы бірінші жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларға енеді. Олар – жол салу, ӘКК-нің бөлінген қаражатын пайдалану және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуды субсидиялау.

Пилоттық сынақтан өткізу рРеспубликалық маңызы бар жолдардың жекелеген учаскелерінен, облыстық ӘКК-нің бірінен және «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлетін инвестициялық субсидиялар бойынша басталады.

Бұған дейін Цифрлық теңге жобасын енгізу қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын жазған едік. Ұлттық банк Ұлттық төлем корпорациясымен бірлесіп, цифрлық теңге енгізу жобасының бірінші кезең қорытындысын жариялады.

Цифрлық теңге – ұлттық валютаның үшінші түрі. Қолма-қол ақша секілді, цифрлық теңге де – Ұлттық Банктің міндеттемесі. Сәйкесінше, цифрлық теңге төлем құралы, құн өлшемі және айналым құралы қызметін атқарады.

ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, жоба қаржы нарығының екі деңгейлі моделі негізінде жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу бұрынғыдай қаржы нарығының қатысушылары арқылы ғана жүргізіледі.

Айта кетейік, 2023 жылғы 15 қарашада, Қаржыгерлер күнінде Қазақстан Ұлттық банкі цифрлық теңгені қолданысқа енгізді. Конгресс кезінде цифрлық теңгемен алғашқы бөлшек транзакция жасалып, оған бір шыны аяқ кофе сатып алынды.

Ертесі күні әлемдегі ең ірі криптобиржа Binance  цифрлық теңгеге байланған стейблкоинді тест режимінде іске қосқанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз