Көлік министрлігі қазақстандық халықаралық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін шектеусіз беруді ұсынды

Жарияланды
жүк тасымалы, жүк тасу
Көлік министрлігі қазақстандық халықаралық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін шектеусіз беруді ұсынды / Фото: shutterstock

Көлік министрлігі қазақстандық тасымалдаушыларға рұқсат бланкілерін шектеусіз беруді көздейтін өзгеріс ұсынды. Мұндай бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Бланкілерді бөлу жүйесінің алгоритмі белгілі бір мемлекетке олардың жұмыс жолын ескере отырып, жекелеген тасымалдаушыларға жыл бойына құжаттардың белгілі бір санын бекітуді көздейді. Осылай, бұрын жасалған жүйе бәсекелестікті шектеу үшін жағдай жасайды. Бұл ретте қолданылмай қалған рұқсат бланкілерінің артылып қалуы байқалып, олар жыл соңында жүйеге қайтарылады. Мәселен, 2023 жылы пайдаланылмаған бланкілердің 53%-ы қайтарылған, – делінген хабарламада.

Бұған қоса қолданыстағы әдістемеге сәйкес, шетелдік рұқсат бланкілері тасымалдаушыларға 100 күнтізбелік күн мерзімге бос форматта беріледі. Бұл тәсіл көлеңкелі нарықта алыпсатарлық бағамен бланкілерді қайта сатуға қолайлы жағдай жасайды.

Бланкілерді бөлудің қолданыстағы жүйесі жетілмегендіктен, жүк тасымалдау нарығында әділ жағдай жасау әрі әділ бәсекелестікті дамыту үшін Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті рұқсат бланкілерін бөлудің жаңа тәртібін әзірледі. Ол қазақстандық тасымалдаушыларға рұқсат бланкілерін қандай да бір шектеусіз беруді көздейді. Бұл механизм рұқсат беру процестерінен адами факторды және көлеңкелі нарықта құжаттарды қайта сатудың алғышарттарын алып тастайды, – делінген министрлік хабарламасында.

Шетелдік рұқсат бланкілері тасымалдаушыларға ХҚКО арқылы, машиналарды рейске жібермес бұрын беріледі деп болжанып отыр.

Қазақстан әлемнің 42 елімен автокөлік арқылы халықаралық жүк тасымалдайды. Оның 40 елі рұқсат беру жүйесін көздейді. 2023 жылы осы мемлекеттермен 270,8 мың шетелдік рұқсат бланкілерін алмасқан.

Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енеді, 2025 жылғы  1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Бұған дейін Қазақстан шетелден автокөлікпен жүк тасымалдау талаптарын жеңілдеткенін жазған едік.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жүк жөнелтушінің елінде тіркелмеген автомобиль көлігімен жүктерді қайта тиеуге және қайта қосуға тыйым салу тәртібін 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатты. Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен бекітілген халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларының 48-тармағының екінші бөлігінің және 51-тармағының қолданысын Қазақстанда тіркелген тасымалдаушылар үшін 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын», делінген құжатта.

Бекітілген қағидалардың 48-тармағының екінші бөлігінде:

«Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тасымалдау кезінде жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында кедендік транзит аяқталмаған жүкті қазақстандық автокөлік құралына және бастапқы тасымалдаушының тіркеу елінде тіркелмеген автокөлік құралына аударып тиеуге жол берілмейді», деп жазылған.

Яғни осы талаппен бірге 51 тармақ бір жылдан артық уақытқа тоқтатылады. Ал 51 тармақта:

«Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушының тіркеу мемлекетінде тіркелген басқа тартқышқа немесе жүк автомобиліне ауыстырып тіркеуге рұқсат етіледі», делінген.

Айта кетейік, былтыр Транскаспий халықаралық көлік маршруты арқылы жүк тасымалдау 77%-ға артқан болатын.

Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) бойынша жүктерді тасымалдау көлемі артып келеді. Жыл басынан бері ТХКМ арқылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тасымал 77,2%-ке ұлғайып, 1,3 млн тоннадан асты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК-да» Қазақстан мен Әзербайжан теміржол әкімшіліктерінің басшылары қазақстандық жүк жөнелтушілермен және экспорттаушылармен кездесті.

«Қатысушылар Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдері арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) бойынша жүк тасымалдау үшін қолайлы жағдай жасауды талықлады. Оған қоса одан әрі ынтымақтастық мәселелері айтылды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз