Ресейдің Қазақстандағы елшісі сайлау учаскелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысқаны үшін ел билігіне алғыс айтты

Жарияланды
Ресейдің Қазақстандағы елшісі сайлау учаскелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысқаны үшін ел билігіне алғыс айтты / kursiv.media архиві

Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстандағы Ресей президентін сайлауға дауыс беруі еш тәртіп бұзылмай өтіп жатыр. Бұл туралы журналистерге Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин айтты.

«Сайлау учаскелері уақтылы ашылды. Қазір олар толық қуатында жұмыс істеп тұр, аздап шамадан тыс жүктеме болса да, өйткені Ресей азаматтары көп келді, тіпті сайлау учаскелерінде кезек те болды. Қазақстанда барлығы жеті сайлау учаскесі ашылды. Сыртқы істер министрлігі, оның екеуі – Астанада, екеуі – Алматыда, сондай-ақ басқа қалаларда», – деді елші.

Қазақстанда 17 наурызда Сыртқы істер министрлігі желісі бойынша, жалпы жеті сайлау учаскесі ашылған. Оның екеуі Астанада, екеуі Алматыда, қалғаны Орал мен Өскемен қалаларында орналасқан. Оған қоса Байқоңырдағы Ресей аумағында бөлек дауыс беріліп жатыр.

«Сайлау учаскелері уақтылы ашылды. Қазір олар аздап шамадан тыс жүктеме болса да, толық жұмыс істеп тұр. Өйткені Ресей азаматтары көп келіп, тіпті сайлау учаскелерінде кезекке тұрды», – деді елші.

Елші сайлау учаскелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы өтінішке аса мұқият болған Қазақстан билігіне алғыс айтты.

«Бұл үшін біз оларға ризамыз. Сонымен қатар қазақстандық парламент депутаттарының үлкен тобының Ресейге сайлауды бақылауға барғаны үшін алғыс айтамын. Бұл – шын мәнінде, екі ел арасындағы достық, одақтастық қарым-қатынастың көрінісі», – деді Қазақстандағы Ресей елшісі.

Ресей президентін сайлау 15-17 наурыз аралығында өтеді. Сайлаудың үш күн болып жатқаны алғаш рет. Мемлекет басшысы лауазымына төрт үміткер бар: Владимир Путин, Владислав Даванков, Леонид Слуцкий және Николай Харитонов.

Айта кетейік, соғыс басталғалы Қазақстанға 146 мың ресейлік қоныстанған болатын.

2022 жылы ЕО елдеріне қоныстанған ресейлік мигранттардың саны небәрі 36,3 мың адамды құрайды, посткеңестік елдер мен Түркияда ол әлдеқайда жоғары: Қазақстанда – 146 мың адам, Түркияда – 79 мың, Грузияда – 60 мың, Армения – 42 мың. Және де шамамен ЕО елдерінің барлығын қосқанда Израильге орыстардың қоныстанған саны бірдей.

Росстаттың ресми мәліметі бойынша, 2022 жылы Ресейден 622,9 мың адам көшіп кеткен, кеткендердің көпшілігі – 40 жасқа дейінгі азаматтар.

РАНХиГС әлеуметтік талдау және болжау институты соғыс қимылдары басталғаннан кейінгі бірінші айда елден 150 мың адамның кеткенін хабарлады. Ал Ресей электронды байланыс қауымдастығы сол кезеңде елден кемінде 70 мың IT мамандарының кеткенін хабарлады.

Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 1-тоқсанында елден 3,8 миллион ресейлік кеткен, оның ішінде елге қайта оралғандары да бар. Бірақ соның өзінде бұл үлкен көрсеткіш. Статистикалық сауалнама нәтижелеріне сенсек, олардың 3% ғана «Отанына оралатыны» туралы айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз