Орталық банктердің отырысы мен  Nike кірістері: осы аптада инвестор нені білуі қажет

Жарияланды
Осы аптада инвестор нені білуі қажет/ Фото: shutterstock

Осы аптада инвесторлардың назары АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі, Еуропа мен Азиядағы ірі экономикалық орталық банктерінің отырысында болмақ. Сонымен қатар Уолл-стрит АҚШ-тағы тұрғын үй нарығы туралы жаңа деректерді, Nike және Micron-ның  кіріс есебін бақылайды.

Lseg-тің (бұрынғы Refinitiv) мәліметтері бойынша, қаржы нарығы АҚШ-тың пайыздық мөлшерлесі тамыз айында төмендеуі мүмкін. Осы сәрсенбіде өтетін отырыста ФРЖ нарық мөлшерлемені 2001 жылдан бергі ең жоғары деңгейде 5,25% – дан 5,5% – ға дейін сақтайды деп болжап отыр.

Сондай-ақ инвесторлардың назары Жапония Банкінің отырысынды болмақ. Өйткені жақында жапондық Орталық банк теріс пайыздық саясаттан бас тартуы мүмкін.

Dow Jones Newswires дереккөздерінің айтуынша, егер реттеуші теріс ставка саясатынан бас тартса, ол ел экономикасына зиян келтірмеу үшін мөлшерлемені баяу көтереді.

Наурыз айының басында Қытайдағы жылдың басты саяси оқиғасы – «қос сессия» нарықты оптимизмге әкелмеді. Қаңтар-ақпан айындағы соңғы деректер әлемнің екінші ірі экономикасы қалпына келе ме, жоқ па, соны көрсетеді.

Дүйсенбі күні бөлшек сауда, инвестиция және өнеркәсіптік өндіріс туралы мәліметтер шығады. Сәрсенбі күні Қытайдың инвесторлары  елдің орталық банкінің несиелер бойынша базалық мөлшерлемесі (LPR) бойынша шешімін күтеді.

Өткен аптада қытайлық реттеуші орта мерзімді несиелеу бағдарламасы (MLF) аясында бір жылдық несие мөлшерлемесін өзгертпеді.

MLF-ті қытайлық Орталық банк коммерциялық банктерге өтімділік беру үшін пайдаланады. Оның негізгі мөлшерлемесіне — LPR-ге тікелей әсер етеді.

Еуроаймақтағы  инфляция туралы бағалау қорытындысы дүйсенбі күні  белгілі болады. Бұл инвесторларға алдағы айларда Еуропалық орталық банктің пайыздық мөлшерлемені төмендету перспективаларын бағалау үшін көмектеседі.

Консенсус болжамына сәйкес, Англия Банкі бейсенбі күні пайыздық мөлшерлемені 5,25% деңгейінде ұстауы керек. Ұлыбритания экономикасы тұрақты. Инвесторлардың көпшілігі Англия Банкі ФРЖ мен ЕОБ-қа қарағанда ставкаларды төмендете бастайды деп  болжап отыр.

20 наурызда BioNTech, General Mills және Micron Technology өткен тоқсандағы кірістер туралы есеп береді.

21 наурызда Accenture, Darden Restaurants, FactSet Research Systems, FedEx, Lululemon Athletica, сондай-ақ әлемдегі ең ірі Nike спорт тауарларын өндіруші тоқсан сайынғы есептерін жариялайды.

Сондай-ақ оқыңыз