Сарапшы жақында ғана IPO-ға шыққан Air Astana акцияларын «ұстап тұруға» кеңес береді  

Жарияланды (жаңартылды )
Air Astana акцияларының бағасы өсе ме? / Фото: архив kursiv.media

Қазақстан қор биржасында Air Astana жай акцияларының бағасы орналастыру бағасынан 1,7%-ға арзандады. Қазіргі уақытта бір акцияға 1054 теңгеден сатылуда. Сауда көлемі: 83,4 млн теңге. IPO барысында жалпы 370 млн доллар тартқан компания инвесторлардың үдесінен шыға алмады ма?

Бұл туралы KURSIV.KZ тілшісі экономист Бауыржан Шурмановтан сұрады.

«Air Astana-ның ерекшелігі оның шетелдіктердің көп қатысуы болды. Нарық қатысушылары IPO-дан кейін британдық серіктес компанияның құнын арттырғысы келеді деп армандады. Қазіргі жағдайда тәжірибе көрсетіп отырғандай Air Astana-ның да, «Самұрықтың» да басшылығы бұған аса мүдделі емес», – дейді экономист.

Сарапшының пайымынша, бұл инвесторлар үшін сәтсіз болған «Самұрық-Қазына» компанияларының қазақстандық нарықта екінші рет орналастырылуы. Бұл ретте Бауыржан Шурманов «Халықтық IPO» демеушілігімен тек компания ғана ақша табады деп есептейді.

«Мысалы, «KEGOC» АҚ-ның SPO-сы өткеніне жарты жылға жуық уақыт өтті. Ал нәтижесінде өсім «0». Тіпті осы уақыт ішінде депозит арқылы кез келген адам 7% пайда табар еді», – деп түсіндірді маман.

Air Astana акцияларының бағасы алдағы уақытта өсе ме? Бұл қысқа мерзімді құлдырау ма?

«Компанияның өнімділігі өткен жылғы қарқынды өсімнен кейін төмендеді. Air Astana компаниясы қарқынды дамиды деген болжамдар жоқ. Биыл көрсеткіштер былтырғымен бірдей болады деп болжайды. Дивиденд факторы да көңіл көншітпейді. Компанияның қомақты дивидендтер төлейтін мүмкіндігі аз. Тіпті, компания басшысы айтқандай, егер олар таза табыстың 20%-ын берсе, қағаз құны бірнеше пайызға өседі», – деп атады экономист.

Бұл тұста сарапшыдан аталған компания акцияларын алған нарық қатысушыларына қандай кеңес айтатынын сұрадық.

Ақцияларды сату керек пе? Күту керек пе?

«Ұзақ уақыт ұстаңыз. Әрине, егер баға қалпына келгенше күткіңіз келсе. Егер байқасаңыздар, инвестициялық компаниялар мен қазақстандық брокерлер аталған компанияға қатысты болжам жасамады және әлі де жасауға асығар емес», – деп түйіндеді Бауыржан Шурманов.

Еске сала кетсек, IPO барысында компания акцияларының 25%-ы еркін айналымға шығады. Air Astana әуе компаниясының IPO-сы барысында нарықтан 370 млн доллар тартты. Кейін тасымалдаушы бұл қаржының 120 млн доллары әуе компаниясының дамуына жұмсалатынын хабарлады. Ал компанияның негізгі акционері «Самұрық-Қазына» қорына осы қаржының 23 млн доллары тиесілі болады. Тағы бір акционер BAE Systems PLC компаниясы 206 млн доллар пайда тапты.

Қазіргі кезде компанияның 44 пайыз акциясы KASE, AIX және LSE биржасында еркін айналымда жүр. IPO-дан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниядағы үлесі 51%-дан 41%-ға дейін азайды. Ал BAE Systems PLC-тікі 49%-дан 15,3%-ға дейін төмендеген.

Сондай-ақ оқыңыз