Қаржы министрлігі республикалық бюджет шығыстарын 23,4 млрд теңгеге қысқартпақ

Жарияланды (жаңартылды )
Республикалық бюджеттің шығыстары 2,28 триллион теңгеге дейін қысқарады /Фото: Shutterstock

Қаржы министрлігі республикалық бюджеттің шығыстарын 23,4 млрд теңгеге қысқартуды ұсынды. Яғни 2,31 трлн теңгеден 2,28 трлн теңгеге дейін. Ал кейбір бағыттар бойынша қаржыны керісінше ұлғайту ұсынылды.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жария талқыға шығарылған құжатта жазылған. 2024 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы қаулы жобасы бірнеше бағытты қамтиды.

Оған сәйкес бюджеттік инвестициялық жобалар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және нысаналы трансферттер бөлігінде түзетулер енгізілмек. Үкіметтің кезек күттірмейтін шығыстары мен заңды міндеттемелері бойынша резерві 130 млрд теңгеден астам сомаға артады.

Инвестицияларға басымдық берілмек

Жалпы мемлекеттік қызметтерге шығыстарды 1,1 млрд теңгеге арттыру ұсынылып отыр. Алайда республикалық инвестициялық жобалардың құнын 11,8 млрд теңгеге азайтпақ. Екі көрсеткіш те басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесіне енгізілген. Шығыстардың қысқаруы негізінен қалалар мен аймақтарды дамыту бөлігінде. Ал мемлекеттік органдардың қажеттіліктері бойынша қаржы көлемінің артқаны байқалады.

Президент істерін басқаруға жататын Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің шығындары 2,3 есеге артпақ. Яғни 849,9 млн теңгеден 1,9 млрд теңгеге дейін ұлғайту ұсынылған. Қаражат парламент қызметін қолдауға, ғимараттардың құрылысына, логистика департаментінің құрылымдарына жұмсалады. Сондай-ақ Астанадағы инвестициялық жобаларға бағытталады. Бұрын жоспарланған 792 млн теңгеге көлік жуу орнының құрылысына қосымша елордада үш жанармай құюшы және жер асты цистернасы бар жанар-жағармай құю станциясы салынбақ. Жалпы құны 1,1 млрд теңгеге автономды қазандық салу да жоспарлануда.

Қорғаныс саласының шығындары қысқарады

Қорғаныс саласының шығындарын 8,4 млрд теңгеге қысқарады. Яғни, 54,1 млрд теңгеден 45,7 млрд теңгеге дейін азайту жоспарлануда. Мәселен, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан қорғау объектілерінің құрылысы мен реконструкциясына бөлінетін қаржы көлемін 31,4 млрд теңгеден 29,5 млрд теңгеге дейін қысқарту ұсынылып отыр. Жетісу өңірінде азаматтық қорғанысқа жұмсалатын шығыстар 11 млрд теңгеден 9,1 млрд теңгеге дейін қысқаруы мүмкін. Қытаймен шекаралас аймақтардағы Қорғас өзенінің бойындағы қорғаныс құрылыстарына 6,7 млрд теңгенің орнына 4,9 млрд теңге жұмсалмақ.

Сонымен қатар, олар Қорғаныс министрлігінің шығыстарын, оның ішінде қарулы күштердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету, нысандарды салу, автоматтандырылған басқару жүйесін құру шығындарын 22,7 млрд теңгеден 16,1 млрд теңгеге дейін азаяды.

Президенттің істерін басқаруға жұмсалатын басқа да шығыстарды 4,5 млрд теңгеге, 85,6 млрд теңгеден 81,1 млрд теңгеге дейін қысқарту жоспарлануда. Оның ішінде Астанадағы нысандарды салу және қайта жаңарту, инвестициялық жобалар, сондай-ақ қызметтік мақсатқа жұмсалған шығындар кіреді.

Бірқатар өңірлердің шығындары шектеліп, елорданы дамытуға 193,2 млн теңге қарастырылмақ

Облыс орталықтарының, моно, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға берілетін нысаналы трансферттер 4 млрд теңгеге қысқарады. Сонымен қатар, қаулы жобасынан бірнеше өңірде әкімшілік ғимараттардың құрылысына берілетін нысаналы трансферттерді алып тастау ұсынылды. Атай айтқанда Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Ұлттық қордан қала шетіндегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға мақсатты трансферт 26,2 млрд теңгенің орнына 23,7 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бірқатар өңірлердің шығындар шектеліп, елорданы дамытуға керісінше 193,2 млн теңге сомасында қаражат қосылған.

Мақсатты трансферттер және мемлекеттік резервтер

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруға жалпы сомасы азаяды. Тіпті 6,3 млрд теңге нысаналы трансферттерді алып тастау ұсынылды. Аудан әкімдерінің сайлауын өткізуге жұмсалатын шығындар 300 млн теңгеге шектеледі. Яғни, 3,5 млрд теңгеден 3,2 млрд теңгеге дейін қысқарады.

Мемлекеттік органдар мүшелері маңызы жоқ іс-сапарларға шықпайды

Еске сала кетсек, премьер-министр бюджеттің жұмсалу барысына ревизия жүргізуді және салық кодексінің жобасын қайта жазуды тапсырған.

Олжас Бектенов бюджеттің өнімсіз шығыстарын қысқарту және экономиканы ырықтандыру жөнінде атқарылған жұмыстар жөнінде үкімет мүшелерінен есеп алған.

Сондай-ақ оқыңыз