Наурыз мерекесіне байланысты Қытаймен арадағы кеден бекеттері жұмыс істемейді

Жарияланды
Қытаймен шекарадағы
Қытаймен шекарадағы бекеттер 4 күн қатарынан жұмыс істемейді /Фото: kursiv.media

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері 2024 жылдың 21-23 наурызы аралығында жұмыс істемейді. Ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасында «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 21-23 наурызда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды», – делінген хабарламада.

Алайда Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктерінің жұмысы тоқтамайды. Ол бекеттер штаттық режимде істейтін болады.

Осы орайда комитет тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерге енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Еске сала кетсек, Қытаймен арадағы шекара 9-11 ақпанда жабылды. Қытай тарапы дәстүрлі «көктем мерекесіне» орай Қазақстанмен шекарасындағы өткізу пунктеріндегі жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.

Ол күндері де қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырған.

Жалпы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің директоры  Елдос Саудабаевтың айтуынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 31,5 млрд долларға жеткен. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Ол жылы бұл көрсеткіш 18 млрд долларды құраған. Ал 2022 жылы 24,2 млрд долларға жеткен. Оның ішінде экспорт үлесі 14,7 млрд доллар, импорт үлесі – 16,8 млрд доллар болған. 

Айта кетейік, Қазақстаннан шығу электронды кезек арқылы рәсімделеді. Бұл шекарадан өту уақытын қысқартады. Бұған қоса Қытай тарапы рұқсат бланкілерін автоматтандырылған жүйемен беретін болды.

Сонымен қатар, Қазақстанда транзиттік әлеуетті дамыту және тауар айналымын ұлғайту мақсатында Үкімет Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы өткізу пункттерін толыққанды жаңғыртылады.

Сондай-ақ оқыңыз