Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті кеңейді: Не өзгерді?

Жарияланды
Қлттық қауіпсіздік комитетінің
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретін кеңейтетін бұл құжат 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі / Фото: kursiv.media

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті кеңейе түсті. Бұл жайлы Президенттің бұйрығында жазылған. 

Құжатта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволарына:

  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнаулы қызметі;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиация қызметі кіретіні жазылған. 

Бұрынғы құжатта ведомстваның негізгі міндеттемелері 9 пункттен тұрса, жаңа құжатта комитет міндеттерінің тізімі 22-ге дейін артқан.  

Жаңа құжатқа сәйкес комитетке: 

  • ақпараттық жүйелерді және электрондық ақпараттық ресурстарды, арнайы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтылымын, қару-жарақ пен жарақтарды әзірлеу, сатып алу, құру (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда), іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және меншік нысанына қарамастан ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасау;
  • мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау;
  • мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүргізу;
  • мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді  мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді, растауды және жоюды жүзеге асыру;
  • ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің арнаулы тексеру жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу міндеті жүктелген.

Сонымен бірге комитет өкілеттігі ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылын психологиялық-əлеуметтанулық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, ұлттық қауіпсіздік органдарында кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлау іс-шараларын жүзеге асыру сынды міндеттермен толыққан. 

Ал комитет функцияларына мыналар кіреді: 

  • құзыретіне барлау қызметін жүзеге асыру кіретін сыртқы барлау органы қызметтерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлері санаттарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
  • ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық саясатын іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • мемлекеттiк қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізуге жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
  • мемлекеттік құпияларды және олардың көздерін шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру қағидаларын әзірлеу;
  • мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әзірлеу және бекіту;
  • әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін шығарып жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • ұлттық қауіпсіздік органдарында кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • ұлттық қауіпсіздік органдарында көтермелеулерді қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту сынды т.б. тармақтар кіреді.

Бұл құжат 4 сәуірден бастап қолданысқа енеді.

Сондай-ақ оқыңыз