Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ресейді басып озғанымен, Түркіменстан мен Жапониядан артта қалды

Жарияланды
коллаж kursiv.media
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша 71-орында / коллаж kursiv.media

Жыл сайынғы Speedtest жаһандық интернет индексі жарияланды. Жаңартылған тізімде Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Түркіменстан мен Жапониядан артта қалды. Алайда Ресейді басып озды. 

2024 жылдың ақпанында Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша бір позицияға төмендеді. Осылайша 35,71 Мбит/с нәтижемен 71-ші орынға ие болды. Түркіменстан Қазақстан Республикасынан (37,23 Мбит/с) озып, 69-шы орында. Жапония 60-шы орында (48 Мбит/с). Көрші елдер арасында Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Қырғызстан (27,25 Мбит/с, 97-орын) мен Ресейден (24,64 Мбит/с, 113-орын) алға шықты.

Индексте барлығы 155 қала бар. Оның ішінде келесі мегаполистер көш бастады:

  • Катар (286,42 Мбит/с)
  • БАӘ (284,21 Мбит/с)
  • Кувейт (216,96 Мбит/с).

Қазақстанда кең жолақты интернеттің жылдамдығы нашар

Бұл рейтингте Армения (97-орын, 50,84 Мбит/с), Қырғызстан (95-орын, 52,78 Мбит/с) және Ресей (65-орын, 85,94 Мбит/с) сияқты елдерден кейін 99-шы орынды (+3 позиция, 50,7 Мбит/с) иеленді. 

SGI қалалық рейтингі бойынша Астанадағы мобильді интернет әлі де Токиоға қарағанда нашар. Қазақстанның астанасы мобильді интернет жылдамдығы секундына 45,18 мегабитпен небәрі 88-орынға жайғасты. Осылай елорда тізімде бес орынға төмендесе, Жапония астанасы секундына 55,9 мегабит жылдамдығымен 76-орынға жайғасты. Бұл ретте Алматы 73-орында (59,86 Мбит/с).

Еске сала кетсек, 2023 жылдың шілдесінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды интернетті үнемдеуге шақырды. Оның пікірінше, қазақстандықтар 15-20 гигабайт ақпаратты тұтынуға дағдыланса, дамыған елдер 9,9 гигабайтты тұтынады.

Бағдат Мусин президентке Астанадағы интернеттің сапасы туралы да баяндады. Ол нашар интернет радиофобтармен байланысты екенін айтты. Елімізде онлайн қызметке сұраныс артты

Сондай-ақ оқыңыз