2023 жылдың қорытындысы бойынша Қырғызстанның мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өнімнің 45,53%-ын құрады

Жарияланды
Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 6 млрд доллардан асқан / shutterstock

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қырғызстанның (сыртқы және ішкі) мемлекеттік қарызы 6 млрд 280,54 млн долларға жеткен. 

Қырғызстан Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, елдің сыртқы қарызы 4 млрд 545,11 млн доллар, ішкі қарызы 1 млрд 570,88 млн доллар болған.

24kg ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2023 жылдың қарашасымен желтоқсаны аралығында елдің мемлекеттік қарызы 164,55 млн долларға өскен. Сыртқы қарыз 107,62 млн долларға, ішкі қарыз 56,92 млн долларға артқан.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 45,53%-ды құрады.

Сыртқы қарыздың жартысынан көбі (53,6%) 2 млрд 495,82 млн доллар Қырғызстанның халықаралық банктерден алған несиелерінен тұрады. Қалған 2 млрд 87,81 млн доллар екіжақты жеңілдікті несиелер. Оның ішінде республиканың сыртқы қарызының 36,7% Қытайдың экспорттық-импорттық банкіне тиесілі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қырғызстан Қытайға 1 млрд 708,17 млн доллар қарыз.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы

Осыған дейін Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 15,2% өсіп, 29 167.2 млрд теңгеге жеткенін жазған едік.

Осы жылы ішкі қарыз 23.4% өсіп, сыртқы қарыз 3.0% кеміген. Соңғы деректерге сәйкес, жалпы мемлекеттік қарыздың 73.9% яғни 21 557.6 млрд теңге ішкі қарыз болса, қалған 7 609.6 млрд теңге сыртқы қарыз.

Үкіметтің болжамына сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ге шаққанда 26% жетуі мүмкін, былтыр 24% болған. 

Маңызды көрсеткіштермен салыстырғанда

KASE индексін капитализациялаудан 20.6% артық. Ал KASE индексі 9 ірі компания (ЦКБ, Kaspi, Халық Банкі, ҚазМұнайГаз, ҚазТрансОйл, ҚазАтомӨнеркәсіп, KEGOC, Қазақтелеком және Kcell) акцияларын қамтиды. Ақпан айынан бастап, KASE индексін капитализациялау 28.5% өскен.

Қазақстандық экспорттан 12.0% көп. 2023 жылдың 9 айында 26 040, 4 млрд теңгеге тауар экспортталған. 2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда 10.2% аз. Дәлірек айтқанда, мемлекеттік қарыз мұнай экспортынан 2 есе, мыс экспортынан 26, мыс концентраттарынан 28, ураннан 34, ферроқорытпалардан 37, бидайдан 43, табиғи газдан 48, темір кені 112, көмірден 120, күмістен 137 есе көп.

Қарыз Екінші деңгейлі банктер жиынтық несие портфелінен 7, 5% артық. Жыл басынан бері несиелердің жиынтық көлемі 12.9% өскен.

Сондай-ақ оқыңыз