Қамауда отырған дәулетті бизнесмен Орифджан Шадиев иелігінде болған банктің жер телімі Ұлттық Банкке қайтарылды

Жарияланды (жаңартылды )
Шадиевке тиесілі банктің жер телімі Ұлттық Банкке қайтарылды / facebook.com/orifdzhan_shadiev және Асқар Ахметуллин

Қамауда отырған Орифджан Шадиев бақылауында болған Capital Bank Kazakhstan және AsiaCreditBank-ке тиесілі 960 га жер телімі Ұлттық банк резервіне қайтарылды.

«Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді», –делінген прокуратура хабарламасында.

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Шадиевтің – ред.) активтері шығарылғанын анықтады.

«Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады. Прокуратура ҚР Ұлттық Банкінің мүддесіне, «Ш» жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді. Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды. Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды»,  – деп нақтылады прокуратура.

Шадиев не үшін қамауға алынды?

Тергеу мәліметтері бойынша, 2019 жылы Орифджон Шадиев Asia Credit Bank иесі Нұрбол Сұлтанмен банк акцияларын сатып алу туралы келісім жасасқан. Алайда бұл үшін компанияның 5 несиесін өтеу қажет болды. Шадиев қарыз міндеттемелерін өз мойнына алды (16,7 млрд теңге) және акцияларды сатып алған. Қарыздар Алматыда жеті жер учаскесімен өтелуі керек болған. Учаскелердің жалпы құны 25 млрд теңгеден асты.

Бірақ 2021 жылы Шадиев пен оның көмекшісі Соловьев кепілдерді «Банктің несиелік және кепіл саясатының талаптарына сәйкес келмейтін» учаскеге ауыстыруға шешім қабылдады.

Осылайша, Шадиев пен Соловьев жалған құжаттарды қолдана отырып, жер учаскесінің нарықтық құнын негізсіз көтеріп, AsiaCreditBank-ке 16,7 млрд теңге шығын келтірген. Шадиев өз кінәсін мойындағанымен, банкке шығын келтіруді ойламағанын айтты.

Шадиев деген кім?

2021 жылы Орифджан Шадиев Forbes журналының «Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері» тізімінде 40-шы орынды болған. 2018 жылы Forbes Шадиевтің жағдайын 177 млн доллар деп бағалады. Forbes мәліметтері бойынша, Шадиев 2021 жылғы қазандағы жағдай бойынша құрылыс бизнесінде активтері болған. Шадиевке тиесілі компаниялар қатарында «Integra Construction KZ» ЖШС (бұрынғы «Жол Жондеуші») және «PRIME SYSTEM KZ» ЖШС, Capital Bank Kazakhstan және AsiaCredit Bank болды.

Сондай-ақ оқыңыз