Ресейде мұнай өңдеу тәулігіне 600-900 мың баррельге қысқарды – Bloomberg

Жарияланды
Рост авиаперевозок и восстановление Китая повысит спрос на нефть
Ресейде мұнай өңдеу 600 мың баррельге қысқарды /Фото: kursiv.media

Украинаның шабуылдарынан кейін Ресей Федерациясында мұнай өңдеу тәулігіне 600-900 мың баррельге қысқарды. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады.

«Бұл тәулігіне 82 мың тонна немесе жылына 30 млн тонна, яғни Ресейдің барлық 74 мұнай өңдеу зауыты мен газ өңдеу зауыттарының жылдық өңдеуінің шамамен 10%-ын құрайды», – деп жазды басылым Gunvor Group Ltd-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін, Украина ұшқышсыз ұшақтармен Ресейдегі бірнеше зауыттарына шабуыл жасады. Салдарынан дизельдік фьючерстердің бағасы төртінші рет қатарынан, ал рет бензин фьючерстері алтыншы сауда сессиясы қатарына қамбаттады.

«Бұл маңызды, өйткені ол бірден дистиллят экспортына әсер етеді. Бұл экспортты бірнеше жүз мың баррельге қысқартуы мүмкін», – деп жазды басылым.

Сонымен қатар, JPMorgan Chase & Co. мәліметтері бойынша, Киев шабуылдары нәтижесінде ресейлік мұнай өңдеу қуаты тәулігіне 900 мың баррельге жуық тоқтатылды.

«Мұны қалпына келтіру үшін бірнеше апта, тіпті айлар қажет болуы мүмкін. Бұл ретте мұнайдың жаһандық бағасына тәуекел үстемақысы ретінде 4 доллар қосылады», – деп хабарлады басылым.

Reuters агенттігінің талдауына сүйенсек, бірінші тоқсанда шабуылдар салдарынан Ресейдің шикізат өңдеу қуатының шамамен 7%-ы шектелген. МӨЗ кешендері шикізатты өңдеп, бірнеше нарықтарға, соның ішінде Қытай мен Үндістанға экспорттайды.

Еске сала кетсек, 15 наурыз Украина Ресей мұнайын өндіру зауыттарына жасаған шабуылынан кейін, Ресейде бензин бағасы едәуір өсті. 

DW ақпаратына сүйенсек, Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасындағы АИ-95 бензинінің бағасы алты ай ішінде ең жоғары деңгейге жеткен. Сарапшылардың пайымдауынша, бағаның өсуі украиналық дрондардың Ресей мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылына байланысты өскен. Себебі шабуыл салдарынан зауыттар жұмысы тоқтап тұр.

Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасындағы АИ-95 бензинінің бағасы тоннасына 60 мың рубльден асты. Бұл 2023 жылдың қыркүйек айында Ресейдың отын экспортына эмбарго қойылған кезден бастап, төмендеген бензин бағасын кері көтерді. 

1 наурыздан бастап Ресейде жанармай экспортына тыйым салынған. Бірақ биржадағы бензин қымбаттап келеді.  12 наурызда ғана Нижний Новгород зауытына шабуылдан кейін өрт болып жұмыс тоқтады. 13 наурызда Рязань мен Новошахтинск зауыттарына да шабуыл жасалып, жұмыс тоқтады. Сарапшылар сөзінше, бұл үш кәсіпорын Ресейдің мұнай өңдеу қуаттылығының 12 %-ын құраған.

Ресей президенті Владимир Путин Украина шабуылдарының қарқыны артып келе жатқанын айтқан. Оның сөзінше, Украина Ресейдегі президент сайлауына кедергі келтіруді көздеген. 

Сондай-ақ оқыңыз