Астана-Қостанай бағытында ұшқан FlyArystan әуе кемесі жарты жолдан кері қайтқан

Жарияланды
FlyArystan әуе кемесі
FlyArystan әуе кемесі неге кері қайтқанына қатысты компания түсініктеме бермеген / Фото: kursiv.media

«Астана – Қостанай» рейсі, бойынша ұшып шыққан FlyArystan әуе кемесі жарты жолдан кері қайтқан. Бұл жайлы «Наша газета» телеграм арнасы жазды.

Басылымының хабарлауынша, жолаушылардың туыстары FlyArystan әуе компаниясының борты күтпеген жерден астанаға кері оралғанын хабарлаған. Қайту себебін, ұшақ жолаушыларына нақты түсіндірілмеген.

Әуе компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету қызметі рейстің «өндірістік себептерге байланысты» кейінге қалдырылғанын хабарлаған.

Кейінірек компанияның баспасөз қызметі дәл қай рейстің кері қайтқанын нақтылады.

«FlyArystan 2024 жылғы 19 наурызда Астана-Қостанай бағытындағы KS7341 рейсі Қостанайға ұшып шыққан кезде жедел себептермен Астана әуежайына қайта оралды. Әуе компаниясының рейсі жергілікті уақыт бойынша 14:15-те ұшты. Жолаушылар сусындар мен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Әуе компаниясының өкілдері әуежайда болып, жолаушыларға барлық қажетті қолдау көрсетті»,- деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 2 наурыз күні Air Astana әуе компаниясының KC881 рейсі Алматыдан Оралға ұшып, бірақ қалаға жетпестен кері қайтып, Алматыға қонды. Әуе кемесінің неге кері қайтқанын Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі түсіндірді. Олардың мәлімдеуінше Алматы-Орал бағытындағы ұшақта жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. Сол себепті әуе кемесінің командирі Алматыға қайту туралы туралы шешім қабылдаған.

Ал 8 ақпанда боранға байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясының Алматы – Астана бағыты бойынша шыққан KC 851 рейсі Астана әужайына қона алмай, Алматыға қайта оралған болатын.

Ол күні боранға байланысты елорда әуежайында жоспарланған 72 рейс ұшпай қалды. Оның ішінде ұшатын 7 рейс, қонатын 8 рейс тоқтатылған. Сонымен қатар, ұшуы тиіс 6 рейс, ал ұшып келуі тиіс 12 рейс кешіктірілген. Бұл кідірістер мен тоқтатулар қолайсыз метеожағдайлармен және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тоқтаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз