44%-ға төмендеді. Қазақстанның бидайын шет мемлекеттер аз сатып ала бастады

Жарияланды (жаңартылды )
44%-ға төмендеді. Қазақстанның бидайын шет мемлекеттер аз сатып ала бастады / kursiv.media

Қазақстан бидай экспортынан аз ақша таба бастады. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро Ұлттық статитсика бюросына сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан биыл қаңтарда шетелге 104,4 миллион долларға бидай мен меслин сатты. Бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 44%-ға төмен. 2022 жылғы қаңтарда да экспорттың төмен болғаны байқалады – -41%. Бірақ тарихта бидай экспорты бұлай төмендеп көрмеген деуге келмейді. Бұдан да төмен көрсеткіштер болған.

Физикалық тұрғыдан алғанда, экспорт та айтарлықтай төмендеді: биыл бұл көрсеткіш 490 мың тонна болса, 2023 жылғы қаңтардан 22% аз, ал 2022 жылғы қаңтардан 19% төмен.

Нақты елдер бойынша азырақ көлем, мысалы, Өзбекстанға (249,2 мың тонна, 20% аз), Ауғанстанға (23,4 мың тонна, -68%) кетті. Кейбір елдер қаңтарда сатып алу көлемін ұлғайтты: мысалы, Тәжікстан былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда сатып алу көлемін 53%-ға ұлғайып, 80 мың тонна сатып алды.

Былтыр бидай экспортының бағасы арзандады

Айта кетейік, былтыр да Қазақстандағы бидай экспортының бағасы арзандап, жөнелту қарқыны баяулаған еді.

Қазақстандағы бидай экспорты 2023 жылы қиындық көрді. Оған астық бағасының тым төмендеп кетуі, сонымен бірге сыртқы нарықтағы басты тұтынушы ел – Иранның біздің ел өнімдерінен бас тарта бастағаны себеп. Осыған байланысты, Қазақстан бидай экспортының көлемін азайтты.

2022 жылы бидай экспортынан түсетін қаражат артқан

Ал 2022 жылы бидай экспортынан түсетін қаражат 34 пайызға артқан. Қазақстан 2022 жылы бидай экспорттауда рекордық көрсеткіштерге жетті. Экспорттық жеткізілімдер бағасы 10%-ға өсіп, бидайдан түсетін пайданы 34% көтерген. 

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан 1,9 миллиард долларға 6,3 миллион тонна астық сатқан. Өсім физикалық мәнде 9,7%, ақшалай түрде 33,8% құрады.

Экспорттың басым бөлігі ТМД елдеріне жіберілді: 4,7 млн тонна – бір жыл бұрынғыдан 12,1%-ға артық. Мұнда негізгі көлем Өзбекстанға жөнелтілді: 824,8 млн АҚШ доллары сомасында 3 млн тонна астық. Үздік үштікке Тәжікстан мен Түркіменстан да кірді.

ТМД-дан тыс елдерге 1,7 млн тонна бидай мен меслин жеткізілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3,5%-ға артық. Мұнда экспорттың басым бөлігі Ауғанстанға тиесілі: 686,7 мың тонна 194,3 миллион АҚШ доллары. Үздік үштікке Иран мен Италия да кірді.

Сондай-ақ оқыңыз