Калифорниядағы Аstera Labs стартапы Нью-Йорктегі IPO-да 713 миллион доллар табыс тапты. Компания құнды қағаздарды бұрын көтерілген баға диапазонынан жоғары орналастырды.
Толығырақ
Astera және оның акционерлері алғашқы орналастыру кезінде 19,8 миллион акциянының бір қағазын 36 доллардан сатты. Бастапқыда компания биржада акцияның бір қағазы үшін 27 доллардан 30 долларға дейін орналастыруды жоспарлады. Бірақ 18 наурызда Astera мақсатты диапазонды орналастыру үшін бір акцияға 32-34 долларға дейін арттырды.
Bloomberg-тің жазуынша, орналастырылған акциялардың санына сүйене отырып, Astera -ның IPO-дағы нарықтық құны 5,5 миллиард долларды құрады. Опциондар мен шектеулі акцияларды ескере отырып стартаптың толық құны — 6 млрд долларды құрады. Astera акциялары сәрсенбі күні NASDAQ-та ALAB белгісімен сауда жасай бастайды.
IPO аясында акционерлер 3 миллионға жуық құнды қағаздарды орналастырды. Оның ішінде Upward bound Youth тобы 2 миллион акцияны сатады. Ал қалған бағалы қағаздарды C&F Investments және 1% – дан аз үлесі бар инвесторлар сатады.
Astera-ның ең ірі акционері- Sutter Hill ventures инвестициялық компаниясы. Ол листингтен кейін компанияның 12,6% акциясын бақылайды.
Стартаптың негізін қалаушылар — Astera бас атқарушы директоры Джитендра Мохан және бас операциялық директор Санджай Гаджендра. Олар сәйкесінше 6,1% және 5% акцияларға ие.
Нарық
Astera IPO-ға дайындық кезінде жасанды зердеге деген жоғары сұранысты пайдаланды. Astera арнайы орталықтары үшін деректерді беру құрылғыларын әзірлейді. Оның ішінде кабель, сигналды жақсарту құрылғылары (ретаймерлер), сондай-ақ жады модульдеріне арналған контроллер.
NVIDIA акциялары өткен жылы жасанды зерде жайлы жаңалықтардан кейін өсті. Бұл АҚШ-тағы қор индекстерін рекордтық деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.
Келесі кезекте
Сәрсенбі күні IPO-ны америкалық Reddit Inc өткізеді. Reddit бір қағаз үшін 31-34 доллар бағасымен 22 миллион акцияны орналастыруды және компания құны 748 миллион доллар деңгейінде бағаланады деп үміттенеді. Бағалы қағаздар Нью-Йорк қор биржасында RDDT белгісімен саудаланады.