S&P Қазақстандағы бес банктің ұлттық шкала бойынша рейтиңін арттырды 

Жарияланды
S&P улучшило прогноз по рейтингу Казахстана
S&P рейтингтік агенттігі Қазақстандағы ең ірі бес банкі бойынша болжамын қайта қарады / Фото: Pixabay

S&P рейтингтік агенттігі Қазақстандағы ең ірі бес банктің болжамдарын «тұрақтыдан» «жағымдыға» қарай қайта қарап, ұлттық шкала бойынша рейтингтерін арттырды

Агенттік Қазақстанның банк секторы соңғы жылдары аймақтағы геосаяси тәуекелдердің нашарлауы аясында макроэкономикалық тәуекелдерге төзімдірек болып шықты, деп санайды. 

Өйткені актив сапасының көрсеткіштері мен нарықтық қаржылық көрсеткіштер агенттік болжам деңгейінен айтарлықтай жоғары болған. 

«Сонымен қатар, біз қаржылық қадағалаудың кезең-кезеңімен күшейтілуін байқап отырмыз. Біздің ойымызша, реттеуші өткен дағдарыс кезеңіндегі тәжірибесіне сүйеніп шаралар қабылдады», – деп хабарлады агенттік.

Осыған байланысты S&P Қазақстан үшін банк секторының салалық және елдік тәуекелдерін бағалау шеңберінде (Banking Industry Country Risk Assessment, BICRA) экономикалық тәуекелді бағалауды, сондай-ақ салалық тәуекелдің дамуын  қайта қарады. Мұның аясында Халық банкінің рейтингтері бойынша «Тұрақтыдан» «Оңға» дейін банктің ұлттық шкала бойынша рейтингі де «kzAA»-дан «kzAA+» дейін көтерілді. Рейтингтері «BB+/B» деңгейінде расталды.

Kaspi Bank рейтингтері бойынша «Тұрақтыдан» «Оңға» дейін ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzA+»-тен «kzAA-» дейін көтерілді. Рейтингтері «BB/B» деңгейінде расталды.

ЦКБ рейтингтері бойынша «Тұрақтыдан» «Оңға» дейін ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzA-»-ден «kzA» дейін көтерілді. Рейтингтері «BB-/B» деңгейінде расталды.

ForteBank рейтингтері бойынша «Тұрақтыдан» «Оңға» дейін ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzA»-ден «kzA» дейін көтерілді; BB-/B рейтингтері расталды.

«Нұрбанк» АҚ рейтингтері бойынша «Тұрақтыдан» «Оңға» дейін банктің ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzBB-»-ден «kzBB» дейін көтерілді. Рейтингтері B-/B деңгейінде расталды.

Айта кетейік, агенттік есебінде Қазақстандық банк секторының жұмыс істемейтін несиелер қоры (IFRS 3-кезең) 2024 жылы шамамен 8% деңгейінде болуының мүмкіндігі айтылған. 2020 жылы көрсеткіш шамамен 18% еді. 

Бөлшек несиелеудің өсу қарқыны 2024 жылы номиналды түрде шамамен 20%-ды құрайды. 2022-2023 жылдардағы орта есеппен 25-30% болған еді. 

Агенттік сонымен қатар әлі де Қазақстанның банк секторын реттеушісінің тәуелсіздігі жоқ және саяси араласуға бейім деп санайды.

Еске сала кетсек, Президенттің елге үш шетелдік банк келуі керек деген мәлімдемесінен кейін бұл сауал нарық ойыншылары арасында қызу талқылана бастады. Жақында Мәдина Әбілқасымова да жыл соңына дейін елімізде бір шетелдік банк келуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ал, сондай ақ. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі сатып алған ресейлік «Сбербанк» -тің еншілесі Bereke bank-Қатар инвесторы сатып алатыны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз