Тимур Турлов футболдан Қазақстан құрамасына сыйақы төлейді

Жарияланды (жаңартылды )
Тимур Турлов футболдан Қазақстан құрамасына сыйақы төлейді / Фото: Валерий Аяпов

Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры және Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі Тимур Турлов Ұлттар лигасының жартылай финалдық плей-офф матчында Қазақстан Грекия құрамасын жеңетін болса, ел футбол құрамасына жүз миллион теңге төлейді. Сыйақы капитанның қалауы бойынша командаға табысталады.

Шешуші кездесу 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Афина қаласында өтеді. Матчтың жеңімпазы Грузия мен Люксембург арасындағы ойын нәтижесі бойынша үздік командамен ойнайтын плей-офф кезеңінің финалына шығады.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры, Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі:

«Футболдан Еуропа чемпионатына жолдама бұрын-соңды мұндай жақын болған емес. Бұл қазақ футболы үшін, жалпы ел үшін айтулы сәт. Біздің көз алдымызда ұлттық құрама тарих жасауда және қазір спортшыларымызға қолдау көрсету бұрынғыдан да маңызды. Олар ұзақ жолдан өтті және жұмыс істейді, бірақ ЕУРО-2024 іріктеуінің бір бөлігі ретінде ең маңызды ойын алда. Жүлделер командаға қосымша мотивация береді, сонымен қатар бәрімізді Қазақстан құрамасы үшін жанкүйер болуға шақырады деп сенемін!»

Айта кетейік, Тимур Турлов 2022 жылы Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің құрамына кірді.

Сондай-ақ оқыңыз